Гидравлика және арна гидравликасы

Мамырбекова Гульназ Кабиболлакызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән жалпы және арналық гидравликаның негізгі ұғымдарымен және анықтамаларымен таныстырады. Гидростатиканың негізгі теңдеулерін және тыныштықтағы сұйықтық тепе-теңдігінің дифференциалды теңдеулерін оқиды. Сұйықтықтардың ағу режимін, сұйықтық ағынындағы гидравликалық кедергілерді, құбырларды гидравликалық есептеу әдістемесін, саңылаулардан, саптамалар мен су ағындарынан сұйықтықтың ағуын, құбырлардағы гидравликалық соққыны, гидравликалық ырғыма құбылысын қарайды. Арналық гидравлика бөлімі мыналарды қамтиды: арнаның көлденең қимасының элементтері. Арнадағы ағынның біркелкі қозғалысына заңдар туралы түсінік береді. Ағынның біркелкі емес қозғалысының пайда болу жағдайлары қарастырылады. Арнада орналасқан құрылыстарды гидравликалық есептеу дағдыларын қалыптастырады.

Кредиттер саны: 10

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 60
СӨЖ 150
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • студенттердің жалпы және арналық гидравлика саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды алуы және су шаруашылығы, гидротехника, сумен жабдықтау саласындағы практикалық міндеттерді шешу әдістерін меңгеру.
Міндет
  • - сұйықтықтардың тепе-теңдігі мен қозғалысының негізгі заңдарын зерделеу; - гидравликалық жүйелер теориясының негіздері бойынша білім беру; - гидротехникалық жүйелерді жобалау негіздеріне оқыту; - гидрологиялық және инженерлік міндеттерді шешу үшін гидравликалық есептеулердің негізгі әдістерін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Су шаруашылығы саласындағы техникалық есептерді шешу үшін гидравликаның математикалық, физикалық және негізгі заңдылықтарын, ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерін пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Су шаруашылығы саласындағы техникалық міндеттерді шешу үшін гидрваликаның негізгі заңдылықтарын, гидрологиялық ақпаратты өңдеу әдістерін пайдалану қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Сұйықтықтарда, арналарда, гидротехникалық құрылыстарда болатын маңызды физикалық және техникалық құбылыстар мен процестер туралы пікір айту білігін қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Сөйлесу-диалогты кез келген тілде жүргізу, сөйлеу этикетінің ережелерін пайдалану.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Гидравлика және арналық гидравлика, құрылыстардың гидравликасы саласында жаңа білім алуға үнемі ұмтылу
Оқыту әдістері

су шаруашылығы саласындағы технологиялар трансферті орталығы зертханаларының мүмкіндіктерін қолдана отырып, интерактивті практикалық және зертханалық сабақтар; - оқытудың мынадай белсенді нысандарын қолдану: басқарылатын пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық; - іздестіру-зерттеу (студенттердің өзіндік зерттеу қызметі)

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Сұйықтыққа әсер етуші күштер
  • Сығылмайтын (идеал) сұйықтықтың тепе-теңдігі
  • Элементар ақпа
  • Элементар ақпаның тұтастық теңдеуі
  • Гидравликалық кедергі және жылдамдықтың ағыс қимасы бойынша таралуы
  • Жергілікті кедергілер
  • Сұйықтықтың саптамалар арқылы ағуы
  • Арна гидравликасы
  • Каналдың гидравликалық ең тиімді қимасы
  • Арнадағы бірқалыпсыз қозғалыс
  • Судың бірқалыпсыз қозғалысы туралы түсінік
  • Әртүрлі түп еңістіктеріндегі призмалық арналардағы сұйықтың айнымалы қозғалысының еркін бет кескіндері
  • Призмалық емес каналдар
  • Гидравликалық шапшыма түрлері
  • Фильтрация теориясы
  • Бьефтердің жалғасуы
  • Гидротүйіндердің төменгі бьеф гидравликасы
  • Суағарлар
  • Ғимараттарды максималды шығынды (өтімді) өткізуге есептеу
Негізгі әдебиет
  • 1 Механика неоднородных и турбулентных потоков. - М.: Наука, 2014 -248с. 2 Емцов В.Т. Техническая гидромеханика. - М.: Машиностроение, 2012 г. -438 с. 3. Курганов А.М., Федоров Н.Ф. Гидравлические расчеты систем водоснабжения и водоотведения. Справочник.- Л.: Стройиздат, 2013 г 4 Макаревич, А. А. Гидравлика и инженерная гидрология [Электронный ресурс] : учеб.-метод. пособие. – Минск: БГУ, 2017. – 114 с 5 Сборник задач по гидравлике для технических вузов : учебное пособие / Д. А. Бутаев, З. А. Калмыкова, Л. Г. Подвидз [и др.] ; под редакцией И. И. Куколевского, Л. Г. Подвидза. — 6-е изд. — Москва : МГТУ им. Баумана, 2009. — 486 с. — ISBN 978-5-7038-3231-8. — Текст : электронный // Лань : электронно-библиотечная система. — URL: https://e.lanbook.com/book/106459 6 Штеренлихт, Д. В. Гидравлика : учебник / Д. В. Штеренлихт. — 5-е изд., стер. — Санкт-Петербург : Лань, 2015. — 656 с. — ISBN 978-5-8114-1892-3.
Қосымша әдебиеттер
  • 1 Нурекенова Р. Т. Гидравлический расчет сооружений гидроузла [Электронный ресурс] : методические рекомендации / Р. Т. Нурекенова. - Электрон. текстовые дан. - Усть-Каменогорск : ВКГТУ им Д. Серикбаева, 2009 2 Основы гидравлики, теплотехники и аэродинамики : учебник / О. Н. Брюханов, В. И. Коробко, А. Т. Мелик-Аракелян. - М. : стереотип. - М. : МГГУ, 2001. - 519 c. : ил. 3 Брюханов, Олег Николаевич. Основы гидравлики, теплотехники и аэродинамики : учебник / О. Н. Брюханов, В. И. Коробко, А. Т. Мелик-Аракелян. - М. : Инфра-М, 2005. - 253 с 4 Сайриддинов, Сайриддин Шахобович . Гидравлика систем водоснабжения и водоотведения : учеб. пособие / С. Ш. Сайриддинов. - М. : АСВ, 2004. - 338 с. : рис., табл 5 Абдураманов , А. А Гидравлика гидроциклонов и гидроциклонных насосных установок : научное издание. Ч.1 / А.А. Абдураманов ; Жамбыл. гидромелиорат.-строит. ин-т. - Алматы : Ғылым, 2003 - 215 с 6 Су әкету торабының гидравликалық есебі : оқу құралы / Мырзахметұлы,Меңлібай, Орман,Анарбек, Иванович Алексеев, Матвеевич Курганов. - Алматы : ҚазБСҚА, 2002 - . Бөлім 1 : Сұйық қозғалысының заңдылығы : учебное пособие. - Алматы : ҚазБСҚА, 2002. - 90 б Тян, А. Д. Гидравлика және гидравликалық машиналар : оқу-әдістемелік құрал / А. Д. 3 Тян, М. И. Нұралин ; Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ. - Өскемен : ШҚМТУ, 2001. - 70 б. 4 Емешева, Қ. К. Гидравлика : оқулық / Қ.К.Емешева. - Астана : Фолиант, 2003. - 113 б.