Ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау және жайылымды суару

Анапьянова Самал Багдатовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ауылдық елді мекендерді сумен қамту және жайылымдарды суландыру саласында базалық білімді қалыптастырады. Ауылдық елді мекендердің, далалық, мал шаруашылығы кешендерінің су қажеттілігін; шағын елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелері мен схемаларын, олардың ерекшеліктерін зерделеуді көздейді. Аумақты суландыру жүйесін жобалау кезінде негізгі ережелерді және суландыру нысандарын, жайылымдарды суландыру техникасын қарастырады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Гидравлика және арна гидравликасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • ауылдық елді мекеннің сумен жабдықтау жүйесін жобалау және аумақты суландыру, сумен жабдықтау схемасы мен жүйесін анықтау, көзден су алу шарттары, сондай-ақ суды тазарту құрылысын жобалау туралы білім қалыптастыру.
Міндет
  • ауылдық елді мекен суының есептік шығындарын анықтау; ауылдық елді мекеннің тұйықталған су құбыры желісінің гидравликалық есебін орындау; су алу құрылыстарын есептеу әдістемемен танысу; су құбыры желісінің деталировкасын әзірлеу және құдықтардың ерекшеліктері мен кестелерін жасау; су құбыры желісінің бойлық профилін құру; суландыру жүйесін жобалаудың міндеттерімен, нысандарымен және принциптерімен танысу аумағында.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Суландыру және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау жүйелерін жобалау ерекшеліктерін, жер асты суларының түрлерін және олардан су алу тәсілдерін, жер асты су тоғандарын есептеу негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Бұл пән бойынша алған білімдерін ауылдық елді мекендерді және ауыл шаруашылығына қатысты кіші - гірім шаураушылықтарды сумен қамтамасыз етуді жобалауда қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • білім алушылар терминологияны меңгеруі тиіс; өндірістік-технологиялық, ұйымдастыру-басқару, жобалау және зерттеу қызметі үшін дайын болуы керек
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • топта жұмыс істей алуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесін және жайылымдарды суландыру жүйесін жобалау қабілеті.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді:: Пәнді оқыту дәстүрлі технология бойынша жүргізіледі. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Практикалық сабақтарды өткізу кезінде проблемалық әдіс, жүйелік талдау, пәнаралық байланыс қолданылады.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Орталық үйлер мен шаруашылықтарды сумен жабдықтау
  • Шағын елді мекендердегі таратушы, су құбыры желілерін есептеу
  • Су құбыры желісінің үлескелерінде арын жоғалуды анықтау
  • Сумен қамту жүйесіндегі арынды және арынсыз реттуешә ғимараттар
  • Су құбыры желісі үлескілерін бөлшектермен жабдықтау
  • Су құбыры желісі үлескілерінің бойлық профилін тұрғызу
  • Жер асты сулары және су ресурстарын анықтау
  • Ашық суаттардан суды алу
  • Суландырудың негізгі түсініктері мен мақсаты
  • Суландырылатын алқаптарға судың қажеттілігін анықтау
  • Алқаптарды суландыру жүйесін жобалау
  • Тиімді орталықтандыру тәсілінің негізі
  • Ауқымды жерлерді суландыру мәселелері
  • Жайылымдарды суландыру техникасы
Негізгі әдебиет
  • Абрамов Н.Н. Водоснабжение. - М.:Стройиздат, 2009-440с.
  • Николадзе Г.И., Сомов М.А. Водоснабжение. - М.: Стройиздат, 2008 – 688с.
  • А. Д. Гуринович . Системы питьевого водоснабжения с водозаборными скважинами: планирование, проектирование, строительство и эксплуатация : монография /. - Минск : УП "Технопринт", 2004. - 247 с. - Библиогр.: с. 243
  • М. А. Сомов, Л. А. Квитка.Водоснабжение : учебник / - М. : Инфра-М, 2008. - 286 с. : ил.
  • Гидравлика и сельскохозяйственное водоснабжение: Учебное пособие/ -Изд-во:Лань 2017 г.-212с.: ил. Пташкина-Гирина Ольга Степановна, Волкова Ольга Сергеевна
Қосымша әдебиеттер
  • СНиП РК 4.01-02-2009. Водоснабжение. Наружные сети и сооружения. 2009 - 183 с.
  • Т.Шилхорн Ван Вин, И.Алимаев, Б.Уткелов. Пастбищные угодья в переходный период: ресурсы, пользователи и рациональное использование : научное издание /; Департамент экологически и социально устойчивого развития Региона Европы и Центральной Азии. - Астана, 2003. - 63 c. : рис., табл.
  • Оводов В.С. Сельскохозяйственное водоснабжение и обводнения https://www.twirpx.com/file/2012381/