Материалдарды өндірудің физикалық процесстері мен технологиялары
Сипаттама: Курста материалдарды алудың классикалық емес әдістерінің физика және химия негіздері баяндалады. Нанотехнологиялар, аддитивті технологиялар, композиттік материалдар алу қарастырылады. Механикалық, жылу, электр және магниттік әсерлердің сипаттамасын қамтитын материалдардың пайдалану қасиеттерін арттыру әдістері мен тәсілдеріне ерекше назар аударылады. Материалды баяндау кезінде негізгі назар қарастырылып отырған құбылыстың физикалық мәнін анықтауға бөлінген.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Конденсирленген күй физикасы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Магистранттарда болашақ магистрлерге ғылыми және техникалық ақпарат ағымында бағдарлануға мүмкіндік беретін және оларға маманданған техника салаларында жаңа физикалық принциптерді қолдануға мүмкіндік беретін материалдарды алу және өңдеу технологиялары мен физикалық процестер саласында практикалық және теориялық дайындық негіздерін құру.
Міндет
- Магистранттарды өлшеу аппаратурасымен таныстыру, эксперименталды зерттеулер жүргізу, эксперимент нәтижелерін өңдеу және оларды талдау. Магистранттардың шығармашылық ойлау қабілетін, өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын дамыту, компьютерді қолдана отырып физикалық жағдайларды моделдеу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Магистрлерде заттарда болып жатқан физикалық процестерді, берілген қасиеттерімен материалдарды алу әдістерін қолдану дағдыларын, бұйымдардың пайдалану қасиеттерін арттыру әдістерін, оның ішінде қорғаныс жабындарын ионды-плазмалық жағу әдістерін түсінуді қалыптастыру. Магистранттардың ғылыми ойлауы мен диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру. Өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын қалыптастыру, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып физикалық жағдайларды моделдей білу. Білім алушыларды заманауи аппаратурамен жұмыс істеуге, тәжірибелік зерттеулер жүргізуге, өлшеу нәтижелерін өңдеуге үйрету.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Материалдарды модификациялаудың технологиялық процестерін әзірлеу және енгізу, бұйымдарды дайындау кезінде технологиялық режимдердің сақталуын қамтамасыз ету, өнім өндірудің жаңа технологиялық процестерін меңгеру, бұйымдардың жаңа үлгілерінің сапасын бақылау әдістерін қолдану. Енгізілетін жаңа жабдықты игеру, қолданыстағы зерттеу жабдықтарының техникалық жай-күйі мен қалдық ресурстарын тексеру, қажет болған жағдайда кәсіпорынның өндірістік учаскелерінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз ету қабілеті. Жобалық-конструкторлық жұмыстарды орындау және стандарттарға, техникалық шарттарға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес жобалық және технологиялық құжаттаманы ресімдей білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ғылыми-техникалық ақпаратты, отандық және шетелдік тәжірибені жүйелі зерттеуге, патенттік зерттеулерді жүргізуге негізделген зерттеу қызметінің базалық әдістерін пайдалана отырып, инновациялық жобалармен жұмыс істеуге қатысу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- пәнді оқу нәтижесінде магистранттың жаңа конструкциялық материалдарды алу және оларды жетілдірудің тенденциялары жайында және оларды өңдеудің заманауи әдістері жайында көзқарасы болуы керек
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- пәнді оқу нәтижесінде магистранттың жаңа конструкциялық материалдарды алу және оларды жетілдірудің тенденциялары жайында және оларды өңдеудің заманауи әдістері жайында көзқарасы болуы керек
Негізгі әдебиет
- 1. Павлов П. В., Хохлов А.Ф. Физика твердого тела. - М.: Высшая школа, 2000. 2. Ашкрофт Н., Мермин н. Физика твердого тела, т, 1,2. - М.: Мир, 1979. 3. Киттель Ч. Введение в физику твердого тела. - М.: Наука, 1978. 4. Киттель Ч. Квантовая теошя твердых тел. - М.: Наука, 1967. 5. Блейкмор Д. Физика твердого тела. - М.: Мир, 1988. 6. Мотт Н. , Дэвис Э. Электронные процессы в некристаллических веществах, т. 1,2. - М.: Мир, 1982.
Қосымша әдебиеттер
- 1. Давыдов А. С. Теория твердого тела. - М.: Наука, 1976. 2. Задачи по физике твердого тела. Под ред. Г.Дж. Голдсмита. М.: Наука, 1976 3. Подкладнев В.М. Физика твердого тела. Методические указания к лабораторному практикуму. КазНТУ, Алматы, 2002.