Криптографиядағы математикалық әдістер
Сипаттама: Пәннің мақсаты криптографияның математикалық негіздерін, криптографиялық жүйелерді құрудың математикалық әдістерін, шифрларды және криптографиялық хаттамаларды құруды және криптографиялық жүйелердің сенімділігін есептеу әдістерін оқу болып табылады. Пәннің мазмұны симметриялық және асимметриялық кілттері бар криптографиялық жүйелерді құру принциптері, криптографиялық жүйелердің сенімділігін, тұрақтылығын есептеудің математикалық әдістері, қорғалған ақпараттың математикалық модельдерін құру әдістері туралы сұрақтарды қамтиды.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Компьютерлік үлгілеу
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- «Криптографияның математикалық әдістері» пәнін оқудың мақсаты криптографияның математикалық негіздерін, криптографиялық жүйелерді құрудың математикалық әдістерін, шифрлерді және криптографиялық хаттамаларды құрастыруды және криптографиялық жүйелердің сенімділігін есептеу әдістерін зерттеу болып табылады.
Міндет
- 1. Шифрлар мен криптографиялық хаттамаларды құру принциптерін үйрету 2. Студенттерді криптографиялық жүйелердің сенімділігін есептеудің математикалық әдістерімен таныстыру 3. Қорғалған ақпаратты, шифрларды, криптографиялық жүйелерді және криптографиялық хаттамалардың математикалық үлгілерін құру әдістерімен танысу. 4. Студенттерді симметриялық және асимметриялық кілтпен криптографиялық жүйелерді құрудың негізгі принциптерімен таныстыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- криптографияның математикалық негіздерін, криптографиялық жүйелерді құрудың математикалық әдістерін, шифрлерді және криптографиялық хаттамаларды жасауды және криптографиялық жүйелердің сенімділігін есептеу әдістерін біледі
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Ақпаратты кодтау және криптографиялық қорғау теориясындағы қолданбалы міндеттерді шешуде дерексіз алгебралық аппараттарды қолдана білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- 1. білімді интеграциялау, қиындықтармен күресу және толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде осы пайымдаулар мен білімдерді қолдану үшін этикалық және әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырыпшешімдер қабылдау, 2. стандартты емес мәселелерді шешуге арналған тәсілдер идеясы және жаңа түпнұсқа идеялар мен жобалау әдістерін іздеу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кәсіби ағылшын (неміс) тілін білу, кәсіби қызметтегі әдебиетті оқу және аудару
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- кәсіби салада жаңа білім алу дағдыларын игеру
Негізгі әдебиет
- 1. 1.Кнауб Л. В. Теоретико-численные методы в криптографии [Электронный ресурс] : Учеб. пособие / Л. В. Кнауб, Е. А. Новиков, Ю.А. Шитов. - Красноярск : Сибирский федеральный университет, 2011. - 160 с. - ISBN 978-5- 7638-2113- 7. http://znanium.com/bookread2.php?book=441493 2. 2 Защита информации: Учебное пособие / А.П. Жук, Е.П. Жук, О.М. Лепешкин, А.И. Тимошкин. - 2-e изд. - М.: ИЦ РИОР: НИЦ ИНФРА-М, 2015. - 392 с.: 60x90 1/16. - (Высшее образование: Бакалавриат; Магистратура). (переплет) ISBN 978-5-369-01378-6, 500 экз. http://znanium.com/bookread2.php?book=474838 3. 3. Марченков, С.С. Основы теории булевых функций. [Электронный ресурс] ? Электрон. дан. ? М. : Физматлит, 2014. ? 136 с. ? Режим доступа: http://e.lanbook.com/book/59714 4. 1.Криптографические методы защиты информации [Электронный ресурс] : Учебное пособие для вузов / Рябко Б.Я., Фионов А.Н. - 2-е издание, стереотип. - М. : Горячая линия - Телеком, 2012. - http://www.studentlibrary.ru/book/ISBN9785991202862.html 5. 2.Сидельников, В. М. Теория кодирования [Электронный ресурс] / В. М. Сидельников. - М.: ФИЗМАТЛИТ, 2008. - 324 с. - ISBN 978-5-9221-0943-7. http://znanium.com/bookread2.php?book=544713 6. 3. Музыкантский, А.И. Лекции по криптографии [Электронный ресурс] : учеб. пособие / А.И. Музыкантский, В.В. Фурин. ? Электрон. дан. ? Москва : МЦНМО, 2013. ? 68 с. ? Режим доступа: https://e.lanbook.com/book/56408.