Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету әдістері

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Құрастыру және жобалау кезеңінде көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету. Конструкцияның элементтік және функционалдық сенімділігі. Сенімділік көрсеткіштерін математикалық модельдеу. Құрылымдық резервтеу. Дайындау сатысында көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету. Жұмыс беттерінің тозуға төзімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету әдістері. Қажу төзімділігін қамтамасыз ету әдістері.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Көлік техникасының жұмыс істеу принциптерін түсіну және көлік техникасының өмірлік циклі сатыларында оны қамтамасыз ету әдістерін меңгеру
Міндет
  • Машиналардың элементтік және функционалдық сенімділігін түсіну және ажырату. техникалық жүйенің сенімділік көрсеткіштерін математикалық моделдеуді орындау. Дайындау сатысында көлік техникасының сенімділігін құрылымдық резервтеу, бөлшектердін ұзақ мерзімділігін, оларда жұмыс беттерінің тозуға төзімділігін және материалының шаршаңқы төзімділігін арттыру әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілік принциптерін білу және оны қамтамасыз ету әдістерін түсіну
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Жоғары сенімді көлік техникасын жобалау және дайындау үшін жұмысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету әдістерін білу мен түсінуді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • көлік техникасының сенімділік деңгейі туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін бағалау бойынша аналитикалық жұмыс процесіндегі коммуникативтік қабілеттер
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • өз бетінше оқу дағдысын және докторантурада оқу қабілетін меңгеру
Оқыту әдістері

Көлік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша білікті мамандарды даярлаудағы инновациялық технологиялар мен талдамалық әдістер

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг 1 тапсырма 0-100
2 тапсырма
тест
2  рейтинг 3 тапсырма 0-100
4 тапсырма
тест
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Трибология және триботехника
  • Бөлшектердің жұмыс бетінің желіну процесінің кезеңдері
  • Үйкеліс қондырғыларындағы бөлшектердің жұмыс бетінің механикалық желіну
  • Типтік сырғымалы үйкеліс қондырғылары: төлке-сұққысы, мойынтірек ішпегі - біліктің мойыны, фрикциондық диск (барабан) - тежегіш қалыбы
  • Типтік тербелу үйкеліс қондырғылары: шарикті мен роликті мойынтіректер, тісті доңғалақтардың тістері, автомобиль дөңгелектері мен шиналары
  • Үйкеліс қондырғыларындағы бөлшектердің тозуға төзімділігі
  • Үйкеліс қондырғыларындағы бөлшектердің қызмет ету мерзімі
  • Математикалық модельдеу негізінде құрастыру және жобалау кезеңінде көліктік жабдықтың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Техникалық жүйе ретінде көліктік техникасы түйінің сенімділігінің құрылымдық және функционалдық сұлбалары, олардың сипаттамалары
  • Көліктік техникасының түйіндердің функционалды сенімділігі
  • Сенімділіктің құрылымдық-функционалдық артықтығы
  • Көліктік техникасының түйінін сенімділігінің суық резервтеу
  • Құрылымдық элементтерді дайындау сатысында көліктік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Агрегаттар мен тораптарды құрастыру сатысында көліктік техникасының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету
  • Көліктік техникасының түйіндердін бақылауға жарамдылығы
Негізгі әдебиет
  • 1. Мороз С.М. Методы обеспечения работоспособного технического состояния автотранспортных средств. Учебник. — М.: МАДИ, 2015. — 204 с. ISBN 978-5-7962-0156-5 2. Кузьмин Н.А. Теоретические основы обеспечения работоспособности автомобилей: Учебное пособие. – М.: Издательство Форум. 2016. 272 с. ISBN 978-5-91-134881-6 3. Кравченко И.Н., Зорин В.А., Пучин Е.А., Бондарева Г.Н. Основы надежности машин. Учебное пособие для вузов. в 2 книгах. Ч.1. - 224 с. М., 2007. 4. Кравченко И.Н., Зорин В.А., Пучин Е.А., Бондарева Г.Н. Основы надежности машин. Учебное пособие для вузов. в 2 книгах. Ч.2. - 260 с. М., 2007. 5. Шишмарев В.Ю. Надежность технических систем. М.: Издательский центр "Академия". 2010. 304 с. ISBN 978-5-7695-6251-8
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Жарский И.М. Технологические методы обеспечения надежности деталей машин. Учебное пособие. - Минск: Выш. шк. , 2005. - 299 с: ил. ISBN 985-06-0923-0 2. Щурин К.В. Основы теории надежности мобильных машин. М.: Издательство МГУЛ, 2004. 3. Ремонт машин. Современные технологии восстановления работоспособности деталей и сборочных единиц при ремонте машин и оборудования : учебное пособие / А. Т. Лебедев, А. В. Захарин, П. А. Лебедев [и др.] ; под редакцией А. Т. Лебедева. — Ставрополь : Ставропольский государственный аграрный университет, 2023. — 172 c. 4. Яценко, А. Г. Расчет показателей надежности отдельных систем и автомобиля в целом: определение параметров долговечности : учебно-методическое пособие для практических работ студентов по дисциплине «Теоретические основы надежности» (для студентов направления подготовки 23.03.03 «Эксплуатация транспортно-технологических машин и комплексов» очной и заочной форм обучения) / А. Г. Яценко, С. В. Крахин. — Макеевка : Донбасская национальная академия строительства и архитектуры, ЭБС АСВ, 2022. — 64 c.