Көлік және көліктік техниканы болжау және эксперттік сараптау

Муздыбаев Мурат Сеитович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Болжау, болжаудың негізгі ұғымдары, модельдері мен әдістері, қолданылатын математикалық аппарат, болжамдау процесі, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуі, болжамдық бағалаудың дәлдігі. Транпорт пен көлік техникасын сараптау және сараптамалық бағалау. Сараптамалық бағалау сапасының критерийлері, сараптамалық бағалау моделі, сараптама рәсімі, сараптамалық бағалаудың дұрыстығы.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Көлік техникасының сапасын қамтамасыз етуге арналған қазіргі заманғы технологиялар

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Көлік техникасын болжау және сараптамалық бағалау әдістерін меңгеру және болжау принциптерін түсіну
Міндет
  • Көліктегі процестерді болжау әдістерін және көлік техникасын сараптамалық бағалау әдістерін қолдану
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Көліктегі процестерді болжау принциптерін және көлік техникасын сараптамалық бағалау әдістерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Көлік техникасы тиімділігінің міндеттерін шешу үшін Көліктегі процестерді болжау және көлік техникасын сараптамалық бағалау әдістерін білу мен түсінуді қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • көлік техникасының ағымдағы жағдайы мен дамуы туралы пайымдауларды қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • көліктегі процестерді болжау және көлік техникасын сараптамалық бағалау бойынша аналитикалық жұмыс процесіндегі коммуникативтік қабілеттер
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • өз бетінше оқу дағдысын және докторантурада оқу қабілетін меңгеру
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде келесі білім беру технологияларын пайдалану жоспарлануда: - Көлікті болжау және сараптамалық бағалау процестеріндегі инновациялық технологиялар мен аналитикалық әдістер

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Есеп айырысу жұмыстары 1-4 0-100
2  рейтинг Есеп айырысу жұмыстары 5-8 0-100
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
Негізгі әдебиет
  • 1 Armstrong, J. S. Evaluating Forecasting Methods. 2001 2 Armstrong, J.S. Evaluating Forecasting Methods. In Principles of Forecasting: A Handbook for Researchers and Practitioners (Ed. J. Scott Armstrong). Kluwer, 2001. 3 А. Д., Ковшов А. Н., Схиртладзе А. Г. Теоретические основы прогнозирования в технике и технологии. М.: Высшая школа, 2010. - 520 с. Орлов А.И. Экспертные оценки. Учеб. пособие. – М.: 2002.
Қосымша әдебиеттер
  • Бешелев С.Д., Гурвич Ф.Г. Экспертные оценки. – М.: Наука, 1973. – 79 с.