Қиын байытылатын кендерді қайта өндеудін кұрамаланған әдістері

Әділқанова Меруерт Әділқанқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: "Байытылуы қиын кендерді өңдеудің аралас әдістері" пәні күрделі минералды шикізат түрлері және тау–кен металлургия кешенінің техногендік өнімдері туралы материалдан тұрады. Пән бойынша дәріс материалында байытылуы қиын минералды шикізатты өңдеудің қолданыстағы тәжірибесі және зертханалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың нәтижелері, байытудың заманауи әдістері және ұсынылатын жабдықтың түрлері туралы ақпарат беріледі. Байытылуы қиын кендер мен техногендік өнімдерді өңдеу технологиясындағы инновациялық бағыттар перспективада тау-кен металлургиялық және химия салаларының дамуын айқындайды.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Химия

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 90
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Мақсаты-пайдалы қазбаларды байыту саласында маманданған магистранттардың білім алуы. Байыту теориясын, технологиясын және практикасын, сондай-ақ әртүрлі кендерді өңдеу кезінде қолданылатын аппараттарды білу, сондай-ақ зертханалық және өнеркәсіптік жабдықтарды баптау және пайдалану дағдыларын алу күрделі заттай құрамдағы кендерді байыту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қою дағдыларын алу
Міндет
  • Дәстүрлі емес минералды шикізатты байыту саласында өндірісте және өнімді өндірістік процесті ұйымдастыруда күнделікті жұмыс кезінде алған білімдерін сауатты пайдалана білу.