Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы жаңа технологиялар
Сипаттама: Жолдарды, жол құрылыстарын және бөлінген белдеулерді күту, тұрақты пайда болатын ұсақ зақымдардың алдын алу және жою, қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, сондай-ақ жолды қысқы ұстау және көгалдандыру бойынша жұмыстар кешенін орындауда заманауи технологиялар мен инновациялық тәсілдер қарастырылады.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Жалпы тордық автомобиль жолдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Пәнді оқыту мақсаты: магистрлерде кәсіби қызметте автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа технологиялары мен инновациялық әдістерін практикалық қолдану үшін қажетті білім, білік және дағды қалыптастыру.
Міндет
- Пәнді оқытудың міндеттері: жол-жөндеу, күтіп-ұстау жұмыстарының кешенін жоспарлау, техникалық-экономикалық негіздеу және ұйымдастыру әдістерін меңгеру; - жол шаруашылығы ұйымдарының өндірістік-техникалық қызметінде жолдар мен көшелерді жөндеу және күтіп ұстаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдануды үйрену.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ғылыми-зерттеу, педагогикалық және өндірістік қызмет барысында мақсаттар жасау және міндеттерді шешу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - теориялық және эксперименттік зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеу және талдау; - кәсіби қызметте инновациялық бағыттағы терең теориялық және практикалық білімді қолдану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- - қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, объектілерді жөндеу және күтіп ұстау ерекшеліктері, қолданылатын материалдардың қасиеттері; - ғылыми баяндамалар мен мақалаларды сауатты жаза білу; - материалдарды, құрылымдар мен технологияларды таңдауға табиғи-климаттық жағдайлардың әсері.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- - топта жұмыс істеуге қажетті коммуникативтік қабілеттерін дамыту; - ғылымның, техниканың және технологияның инновациялық жетістіктерінің бағытын таңдау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- - нысандарды жөндеу және күтіп ұстау үшін бастапқы деректерді анықтау бойынша іздестіру, патенттік зерттеулер жүргізу; - автомобиль жолдарын күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру әдістерін, жолдар мен көшелерді күтіп ұстау және жөндеудің қазіргі заманғы технологияларын білу; - жол элементтері үшін материалдарды таңдау және олардың физикалық-механикалық сипаттамаларын айқындау; - өндірістік процестің жаңа технологиялық процестерін игеру; - өндірістік процесті ұйымдастырудың күнтізбелік графиктерін құру, жөндеу учаскесіндегі технологиялық процестердің ауысымдық графиктерін әзірлеу.