Электромобиль мен гибридті автомобильдің қозғалыс теориясы
Сипаттама: Пән электромобиль мен гибридті автомобильдің қозғалыс теориясын зерттейді. Білім алушылар қозғалыс режимдерін, доңғалақтардың шайқалуын және олардың жолмен өзара әрекетін, жетекші және жетектелуші доңғалақтардағы күштердің тепе-теңдігін талдайды. моножетекті және толық жетекті электромобиль мен гибридті автомобильдің тарту динамикасы, қозғалыс теңдеуі және динамикалық төлқұжат сипатталған. Тұрақтылық, басқарушылық және маневрлік, электромобиль мен гибридті көліктің тежегіш қасиеттері, шанақтың тербелісі және қозғалыс ыңғайлылығы зерттеледі.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Электромобиль және гибридті автомобиль құрылысы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Білім алушыларды электромобиль мен гибридті автомобильдің пайдалану қасиеттерімен және оларды есептеу және талдау әдістерімен таныстыру
Міндет
- Білім алушылардың электромобиль мен гибридті автомобильдің пайдалану қасиеттерін есептеу дағдыларын игеруі
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Электромобиль мен гибридті автомобильдің есептегіштері мен пайдалану қасиеттерінің көрсеткіштерін анықтай білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Алынған білім мен дағдыларды практикада және басқа пәндерді оқу кезінде қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Электромобильдердің, гибридті автомобильдердің қолданыстағы конструкцияларының және жобаланатын конструкциялардың пайдалану қасиеттері туралы пайымдауларды қалыптастыру біліктілігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымның басқа мүшелерімен өзара іс-қимылда қойылған міндеттерді шеше білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Осындай пәндерді оқу кезінде дағдыларды игеру