Бағдарламалау негіздері
Сипаттама: Python бағдарламалау тілінің курсы негізгі ұғымдарымен және ерекшеліктерімен танысуға мүмкіндік береді. Тілдің негізгі конструкциялары, кірістірілген функциялары, модульдер мен пакеттерді құру, функционалды бағдарламалау құралдары, деректермен жұмыс істеуге арналған Python-ның негізгі кітапханалары қарастырылады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәнді меңгерудің мақсаты – студенттердің логикалық ойлауын және қолданбалы есептерді шешудің есептеу процестерін және бағдарламалауды алгоритмдеудегі практикалық дағдыларын дамыту.
Міндет
- Python тілінде бағдарламалаудың негізгі алгоритмдік құрылымдарын және негіздерін үйрену;
- қолданбалы есептер шеңберінде сандық және символдық ақпаратты өңдеу есептерін шешуге мүмкіндік беретін практикалық дағдыларды меңгеру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Python тілінің алгоритмдеу және аспаптық бағдарламалық қамтамасыз етудің теориялық негіздері туралы білімдерін көрсету;Python тілінің алгоритмдеу және аспаптық бағдарламалық қамтамасыз етудің теориялық негіздері туралы білімдерін көрсету;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Python тілінде бағдарламаларды өңдеу және жөндеуді жүзеге асыру
- есептеу процестерінің сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдерін қолдана отырып, әртүрлі есептер алгоритмдерінің құрылымдық схемаларын құру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- өз пікірін дәлелді түрде жеткізе білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- командада жұмыс істеу үшін қажетті коммуникативті қабілеттерді дамыту
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асыру, жүйелеу және жалпылау, алған білімдерін әр түрлі есептердің алгоритмдерін жасау үшін тәжірибеде қолдана алу
Оқыту әдістері
интерактивті лекция (оқытудың келесі белсенді түрлерін пайдалану: жетекшілік ететін (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; слайдтар немесе оқу фильмдерін көрсету; миға шабуыл; мотивациялық сөйлеу);
ақпараттық және коммуникациялық (мысалы, Python тілінің әртүрлі кәсіби пакеттерін пайдаланатын компьютерлік сыныптағы сабақтар);
ізденіс пен зерттеу (оқу үрдісіндегі студенттердің өз бетінше ізденушілік әрекеті).
Білім алушының білімін бағалау
Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.
Кезең | Тапсырма түрі | Өлшем |
---|---|---|
1 рейтинг | Практикалық жұмыс 1 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 2 | ||
Практикалық жұмыс 3 | ||
Рубеждік бақылау тесті 1 | ||
2 рейтинг | Практикалық жұмыс 4 | 0-100 |
Практикалық жұмыс 5 | ||
Практикалық жұмыс 6 | ||
Рубеждік бақылау тесті 2 | ||
Қорытынды бақылау | емтихан | 0-100 |
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі | 90-100 | 70-89 | 50-69 | 0-49 |
---|---|---|---|---|
Өте жақсы | Жақсы | Қанағаттанарлық | Қанағаттанарлықсыз | |
Бақылау сұрақтары бойынша әңгімелесу | жүйелі түрде теориялық білімін көрсетеді, терминологияны меңгерген, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді қорытындылар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, өз ойын еркін жеткізе алады және нақтылау сұрақтарына жылдам жауап бере алады. | теориялық білімін жақсы деңгейде көрсетеді, терминологияны меңгерген, құбылыстар мен процестердің мәнін логикалық және дәйекті түрде түсіндіреді, дәлелді қорытындылар мен жалпылаулар жасайды, мысалдар келтіреді, монологтық сөйлеуде еркін сөйлейді, бірақ сонымен бірге, мұғалімнің көмегімен не өз бетінше болмашы қателерді түзете алады | теориялық білімі таяз, құбылыстар мен процестерді талдауда нашар қалыптасқан дағдыларды көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасау және мысалдар келтіру қабілеті жеткіліксіз, монологтық сөйлеуде, терминологияда, логикалық және баяндау жүйелілігін жеткілікті деңгейде меңгермеген, қателерін өз бетінше түзете алмайды. | пәннің теориялық негіздерін білмегендігін, құбылыстар мен процестерді талдау дағдыларының қалыптаспағанын көрсетеді, дәлелді қорытындылар жасауды және мысалдар келтіруді білмейді, монологтық сөйлеуді нашар меңгереді, терминологияны білмейді, логикалық және жүйелілік жетіспеушілігін көрсетеді, мұғалімнің түзетуімен де түзете алмайтын қателіктер жібереді, сабақта жауап беруден бас тартады |
Зертханалық сабақтарда жұмыс жасау | қажетті іс-әрекеттер ретін сақтай отырып, зертханалық жұмыстарды толық көлемде орындайды; есепхатта қатесіз бағдарлама кодын және блок-схеманы келтіреді. Сұрақтарға жауап беру кезінде сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, негізгі ұғымдарға нақты анықтама беріп, түсіндіреді; жауапты мысалдармен бекітеді; оқытылатын материал мен бұрын зерттелген материал арасында байланыс орната алады; оқытушы берген зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындайды. | «5» бағасына қойылатын талаптарды орындайды, бірақ 2-3 кемшіліктері бар; есепхаттағы бағдарлама коды мен блок-схемада шағын қателер бар. Студенттің сұрақтарға жауабы «өте жақсы» деген бағаға қойылатын негізгі талаптарды қанағаттандырады, бірақ бұрынғы зерттеулермен байланысы жоқ; болмашы қателер мен олқылықтар жіберілген болса, студент оларды өз бетінше немесе мұғалімнің кішкене көмегі арқылы түзете алады; зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындау кезінде бағдарлама кодында болмашы қателер жібереді. | жұмысты толыққанды орындамайды, бірақ зертханалық жұмысты орындау көлемі 50% кем емес; жұмыс барысында қателіктер жіберілген. Сұрақтарға жауап беру кезінде студент сұрақтың мәнін дұрыс түсінеді, бірақ жауапта курс сұрақтарын меңгеруде бағдарламалық материалды одан әрі меңгеруге кедергі келтірмейтін кейбір мәселелер туындайды; зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындау кезінде бағдарламалық кодта немесе блок-схемада қателер жібереді. | жұмысты толық орындамайды немесе жұмыстың аяқталған бөлігінің көлемі дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік бермейді. Сұрақтарға жауап беру кезінде бағдарлама талаптарына сәйкес негізгі білім мен дағдыларды меңгермегендігін көрсетеді; 3 деген бағаға сай көп қателер мен кемшіліктер жібереді немесе қойылған сұрақтардың ешқайсысына жауап бере алмайды; оқытушы берген зертханалық жұмысты қорғауға арналған жеке тапсырманы орындай алмайды. |
Бағалау нысаны
Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:
- Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
- Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.
Қорытынды бағаны есептеу формуласы:
И= 0,6 | Р1+Р2 | +0,4Э |
2 |
мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;
Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.
Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:
Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:
Әріптік жүйе бойынша бағалар | Балдардың сандық эквиваленті | Балдар (%-тік құрамы) | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
---|---|---|---|
A | 4.0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3.67 | 90-94 | |
B+ | 3.33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3.0 | 80-84 | |
B- | 2.67 | 75-79 | |
C+ | 2.33 | 70-74 | |
C | 2.0 | 65-69 | Қанағаттанарлық |
C- | 1.67 | 60-64 | |
D+ | 1.33 | 55-59 | |
D | 1.0 | 50-54 | |
FX | 0.5 | 25-49 | Қанағаттанарлықсыз |
F | 0 | 0-24 |
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Теоретические основы алгоритмизации и программирования
- Введение в Python
- Разветвляющийся алгоритм
- Циклический алгоритм
- Циклы с неизвестным числом повторений, оператор цикла While
- Кортежи и списки
- Работа со строками
- Работа со словарями
- Работа с функциями и модулями
Негізгі әдебиет
- Майкл Доусон Программируем на Python Издательство: Питер, 2019 г. ISBN: 978-5-4461-1386-6 С. 416
- Федоров Д. Программирование на языке высокого уровня Python. Учебное пособие для прикладного бакалавриата, 2019 год, Юрайт ISBN 978-5-534-04479-9
- Васильев А. Н. Python на примерах. Практический курс. 2019 год, Наука и Техника, 3-е издание ISBN: 978-5-94387-781-0 С. 432
- Марк Лутц. Изучаем Python, том 1, 5-е изд.: Пер. с англ. — СПб.: ООО “Диалектика”, 2019. — 832 с. : ил. — Парад, тит. англ
- Гэддис Т. Начинаем программировать на Python. — 5-е изд.: Пер. с англ. — СПб.: БХВ-Петербург, 2022. — 880 с.: ил. ISBN 978-5-9775-6803-6
- Дроботун, Н. В. Алгоритмизация и программирование. Язык Python : учебное пособие / Н. В. Дроботун, Е. О. Рудков, Н. А. Баев. — Санкт-Петербург : Санкт-Петербургский государственный университет промышленных технологий и дизайна, 2020. — 119 c. — ISBN 978-5-7937-1829-5. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/102400.html (дата обращения: 08.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей. - DOI: https://doi.org/10.23682/102400
Қосымша әдебиеттер
- Д. Кнут. Искусство программирования. Т.1./ Основные алгоритмы / - 3-е издание: Перевод с английского. — М.: Вильямс, 2019. — 720 с.: ил. — ISBN 978-5-8459-1984-7.
- Интернет ресурс (документация и учебные материалы) pythonworld.ru
- Шелудько, В. М. Основы программирования на языке высокого уровня Python : учебное пособие / В. М. Шелудько. — Ростов-на-Дону, Таганрог : Издательство Южного федерального университета, 2017. — 146 c. — ISBN 978-5-9275-2649-9. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/87461.html (дата обращения: 08.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей