Автоматы басқару теориясы

Кадыролдина Альбина Талапжановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән ауыл шаруашылығы жүйелеріндегі басқару процестерін автоматтандыру негіздерін зерттеуге арналған. Оқу барысында студенттер автоматты басқарудың теориялық және практикалық аспектілерін, оның ішінде динамикалық жүйелерді модельдеу және талдау әдістерін, сонымен қатар автоматтандырылған басқару жүйелерін жобалау негіздерін меңгереді. Егістік дақылдарының агротехнологияларын басқарудың негізгі әдістері мен технологиялары, сонымен қатар ауыл шаруашылығы өндірісіндегі процестерді автоматтандыру қарастырылады. Аграрлық жүйелердің өнімділігі мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығына тиімді технологияларды әзірлеуде, оңтайландыруда және енгізуде бақылау теориясының принциптерін қолдануға ерекше назар аударылады.

Кредиттер саны: 8

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 45
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 45
СӨЖ 120
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Жоғары тиімді автоматты басқару жүйелерін әзірлеу және пайдалану үшін білім алушыларда құзыреттілікті қалыптастыру.
Міндет
  • Есептеу техникасы құралдарын пайдалана отырып, автоматты басқару жүйелерін талдау және синтездеу үшін білім алушылардың білім мен түсініктерді алуы.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Автоматты басқарудың сызықты жүйелері теориясының негізгі түсініктері мен анықтамалары, оларды математикалық сипаттау әдістері.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Сызықты алгебра әдістерін, матрицалар теориясының негіздерін, дифференциалдық теңдеулерді және автоматты басқару жүйелерінің жалпы қасиеттерін талдау үшін кешенді айнымалы функциялардың теориясын қолдану
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • жеке жауапкершілік, кәсіби этика және кәсіби қызметті жүргізу нормаларын ұстай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • автоматтандыру саласындағы кешенді инженерлік қызметтің нәтижелерін нақты баяндау және қорғау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • таным, оқыту және өзін-өзі бақылау әдістері мен құралдарын өз бетінше қолдану, интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік, дене және кәсіби өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру перспективаларын сезіну қабілеті.
Оқыту әдістері

атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу;

модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу);

берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;

ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар);

іздеу-зерттеу (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

оқу міндеттерін шешу

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Тәжірибелік жұмыс 1 0-100
Тәжірибелік жұмыс 1
Тәжірибелік жұмыс 3
Тәжірибелік жұмыс 4
2  рейтинг Тәжірибелік жұмыс 5 0-100
Тәжірибелік жұмыс 6
Тәжірибелік жұмыс 7
Тәжірибелік жұмыс 8
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • АБЖ жұмыс режимі
  • Сызықтық АБЖ дифференциалдық теңдеулері және жазудың операторлық формасы
  • АБЖ динамикалық сипаттамалары
  • Жиілік сипаттамалары, кеңейтілген сипаттамалары
  • Типтік динамикалық буындар және олардың сипаттамалары: күшейткіш, дифференциялаушы, интегралдаушы буындар
  • Типтік динамикалық буындар және олардың сипаттамалары: 1-ші ретті апериодикалық буыны, тербелмелі буыны, кешігу буыны
  • Сызықты үздіксіз жүйелердің тұрақтылығы
  • Сызықты үздіксіз жүйелердің тұрақтылығы
  • Модуль және фаза бойынша жүйенің орнықтылық қоры
  • Өтпелі процесс бойынша реттеу сапасын талдау
  • АБЖ сапасын түбірлік бағалау
  • Амплитудалық және заттай жиілік сипаттамасы бойынша сапаны талдау
  • Өтпелі процесті трапеция әдісімен құру
Негізгі әдебиет
  • 1. Бесекерский В. А., Попов Е. П. Теория систем автоматического регулирования, издание третье, исправленное. Москва, издательство «Наука», Главная редакция физико-математической литературы, 2011.
  • 2. Егоров К.В. Основы теории автоматического регулирования, учебное пособие для вузов, изд. 2-е, перераб. и доп., - М.: "Энергия", 1997. - 648с., ил.
  • 3. Зайцев Г. Ф. Теория автоматического управления и регулирования.— 2-е изд., перераб. и доп. Киев, Издательство Выща школа Головное издательство, 2009.
Қосымша әдебиеттер
  • 4. Ким Д. П. Теория автоматического управления. Т. 1. Линейные системы. - М.: ФИЗМАТЛИТ, 2008. - 288 с. - ISBN 5-9221-0379-2.