Шығындарды басқару
Сипаттама: Оқылатын пән шығындарды басқаруға жүйелі көзқарасты қалыптастыруға арналған. Курс таңдалған мақсатқа байланысты шығындарды жіктеудің түрлерін, өндіріс құнын қалыптастырудың негізгі тәсілдері мен әдістерін, әр түрлі салалар үшін өнімнің өзіндік құнын есептеу әдістері мен тәсілдерін қамтиды, басқару шешімдерін қабылдауға көмектесетін кәсіпорынның жоспарлау және талдау әдістерінің кезеңдерін көрсетеді.
Кредиттер саны: 3
Пререквизиты:
- Бухгалтерлік есеп негізі
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 15 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 15 |
СӨЖ | 45 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалануға, өндіріс пен өнімді өткізу шығындарын тиімді басқаруға байланысты нарықтық қызметте білікті шешімдер қабылдау, кәсіпорынның тұрақты экономикалық жағдайының негізі ретінде.
Міндет
- Кәсіпорын шығындарын жоспарлау және экономикалық талдауды есепке алу әдістері мен әдістері негіздері туралы білім алу; өндірістік шығындарды төмендету үшін резервтерді қарастыра білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Басқару шешімдерін заманауи жоғары сапалы ақпараттық қолдауды қалыптастырудың әдістерін, тәсілдерін, талдау, жоспарлау және шығындарды бөлу, есептеу әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Жоспарлау мен шығындарды талдаудың теориялық негіздерін іс жүзінде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Қорытындылай білу және шығындарды азайту бойынша іс-шаралар жоспарын құру, теориялық білім мен тәжірибелік есептеулер негізінде басқару шешімдерін қабылдау.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Тапсырманы немесе оның бір бөлігін топ болып және өз бетінше орындай білу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Келешекте тәжірибелік іс-әрекетте экономикалық білімді одан әрі арттыру үшін теориялық білім мен практикалық дағдыларды қолдана білу.
Оқыту әдістері
Оқу сабақтары барысында келесі білім беру технологиялары қарастырылған: - мәселелік және жобалық-бағдарланған оқыту технологиясы; - оқу-зерттеу қызметінің технологиялары; - коммуникациялық технологиялар (пікірталастар, баспасөз конференциялары, «шабуыл», «пікірсайыс» және басқа белсенді әдістері мен түрлері).
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- 1 Шығындар категорияларының мәні, шығындарды жіктеу түрлері
- 2 Өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын құрайтын шығындар, шығындарды бөлу тәсілдері
- 3 Материалдарға кеткен шығындар
- 4 Еңбек ақыға кеткен шығындар
- 5 Өндірістік үстеме шығындар
- 6 Толық өзіндік құн бойынша шекті тәсілмен есептеу және калькуляциялау
- 7 Технологиялық шығындар
- 8 Кешенді шығындар есебі
- 9 Тапсырыс бойынша шығынды калькуляциялау
- 10 Калькуляциялаудың аралас жүйесі
- 11 Шығынды жоспарлау
- 12 Кәсіпорын шығындарын талдау
- 13 Нормативтік шығындар мен ауытқуды талдау
- 14 Басқару шешімдерін қабылдау үшін шығындарды пайдалану
- 15 Залалсыздықты талдау
Негізгі әдебиет
- 1 Лебедев Т.В., Дроздова Т.А. Управление затратами на предприятии. - М.: 5-е издание, 2016.
- 2 Либерман В.В. Управление затратами. - М.: Дело, 2017.
- 3 Котляров С.А. Управление затратами: Учебное пособие. - СПб.: Питер, 2015.
- 4 Гомонко Э.А., Тарасова Т.Ф. Управление затратами на предприятии. - М.: КНОРУС, 2015.
- 5 Серебренников Г.Г. Основы управления затратами. - М.: Дело, 2016.
- 6 Друри К. Производственный и управленческий учет. - М.: Аудит, ЮНИТИ, 2016.
- 7 Савицкая Г.В. - Анализ хозяйственной деятельности предприятия. - М.: ИНФРА-М, 2017.
- 8 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. - Алматы, 2015.
- 9 Куатова Д.Я. Экономика предприятия: Учебное пособие. - Алматы: Экономика, 2011.
Қосымша әдебиеттер
- 1 Кодекс РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый Кодекс)».
- 2 Друри К. Введение в управленческий и производственный учет. - М.: Аудит, 2016.
- 3 Дюсембаев К.Ш., Егембердиева С.Ш., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой отчетности. – Алматы: «Каржы – каражат», 2016.
- 4 Вахрушина М.А. Управленческий анализ: Учеб. пособие / М.А. Вахрушина. 3-е изд. – М.: Омега–Л, 2016.
- 5 Безруких П.С. Учет затрат и калькулирование в промышленности / П.С. Безруких. - М.: Финансы и статистика, 2017.