Академиялық хат

Муздыбаева Альфия Сеиткызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән PhD докторанттарын кәсіби салада шет тілін практикалық білімге дайындаудың заманауи тенденциялары мен талаптарын көрсетеді. Бұл курс ғылыми жарияланымдарды сыни тұрғыдан талдауға және қабылданған стандарттарға сәйкес өз зерттеулеріңіздің нәтижелерін жазуға көмектесуге арналған.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Шет тілі (кәсіби)

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәннің мақсаты – жазбаша ағылшын тілі саласындағы білімді жаңарту және дамыту. Курс жазбаша ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттерді дамытуға және жетілдіруге бағытталған, PhD докторанттарына академиялық ортада тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажетті дайындықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Міндет
  • ағылшын тілінде жазуға қойылатын негізгі талаптармен танысу;
  • жазбаша ғылыми қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
  • ойларын жазбаша жеткізу және оны дәлелдеу қабілеттерін дамыту
  • оқу жұмысын құрылымдау әдістерін үйрету
  • эссе, мақалалар мен аннотациялар жазуға дайындалу
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • шетелдік көздерден кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алуға және бағалауға мүмкіндік беретін деңгейде шет тілін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • отандық және шетелдік зерттеушілер алған нәтижелерді жалпылау және сыни тұрғыдан бағалау, перспективалық бағыттарды анықтау, зерттеу бағдарламасын құру қабілеті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • таңдалған ғылыми зерттеу тақырыбының өзектілігін, теориялық және практикалық маңыздылығын негіздей білу
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • кәсіби қарым-қатынас деңгейінде шет тілдерінің бірін меңгеру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайындық
Оқыту әдістері

Пәнді меңгеру оқу үдерісінде сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивті түрлерін пайдалана отырып, инновациялық білім беру технологияларын қолдануды көздейді, мысалы: шынайы дереккөздермен жұмыс, on-line, пікірталас, презентация.

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг 0-100
2  рейтинг 0-100
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
Негізгі әдебиет
Қосымша әдебиеттер