Физикалық және коллоидтық химия

Саурбаева Бекзат Сагатбековна

Оқытушының портфолиосы

Иващенко Елена Николаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін, сондай-ақ олардың әртүрлі жағдайларда өзара әрекеттесу заңдылықтарын зерттеуге арналған. Ол термодинамика, химиялық кинетика, электрохимия және ерітінділердің қасиеттері сияқты негізгі бөлімдерді қамтиды және коллоидтық жүйелерге назар аударады. Бұл пән материалдардың макроскопиялық қасиеттері олардың микроскопиялық процестерімен қалай байланысты екенін түсінуге көмектеседі, бұл химиялық инженерияда, биохимияда және басқа ғылыми және технологиялық салаларда маңызды рөл атқарады.

Кредиттер саны: 8

Пререквизиты:

  • Физика

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 45
СӨЖ 120
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Жазбаша емтихан

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Курстың негізгі мақсаты - негізгі физикалық заңдылықтардың физикалық мағынасын ашу, студенттерге осы заңдылықтарды қолдану салаларын көруге үйрету, нақты мәселелерді шешу кезінде олардың негізгі мүмкіндіктерін нақты түсіну
Міндет
  • Химиялық термодинамика, термохимия негіздерін, химиялық және фазалық тепе-теңдік туралы оқуларды, химиялық реакциялардың жылдамдығы мен механизмдерін, олардың электр құбылыстарымен өзара байланысын, фазаларды бөлу шекарасындағы дисперсиялық-коллоидтық жүйелер және беттік құбылыстар туралы мәселелерді зерттеу; 2. Физикалық және коллоидтық теоретикалық заңдарды қолдану химиялық реакциялар өнімдерінің шығуының есебін жүргізу, көп компонентті материалдардың қасиеттерін болжау үшін әртүрлі диаграммаларды пайдалану және коллоидтық жүйелер.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - негізгі химиялық операцияларды орындау; Химиялық реакциялардың термодинамикалық сипаттамаларын және заттардың тепе-тең концентрациясын анықтау; - химиялық реакциялардағы тепе-теңдікке әртүрлі факторлардың әсерін болжау; - берілген бастауыш жағдайларда процестің бағыттылығын анықтау; - бір компонентті және бинарлы жүйелердегі фазалардың орнықтылық аймағының шекарасын белгілеу; - бинарлы гетерогенді жүйелердегі қатар тұрған фазалардың құрамын анықтау ; ; - қарапайым реакциялар үшін дифференциалды және интегралды формадағы кинетикалық теңдеулерді құру; - беттік құбылыстар термодинамикасының негізгі арақатынасын пайдалана отырып есеп жүргізу және дисперсиялық жүйелердің негізгі сипаттамаларын есептеу; - адсорбцияның энергетикалық параметрлерін есептеу; - беттік керілу мен беттік энергияға әртүрлі факторлардың әсерін болжау; - коллоид ерітінділерін алу және тазалау; - коллоидты бөлшектер зарядының белгісін анықтау; - дисперсиялықтың реакциялық қабілетіне, тепе-теңдік тұрақтылығына және фазалық өту температурасына әсерін болжау;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • - кәсіби қызметте жаратылыстану-ғылыми пәндердің негізгі заңдарын қолдану қабілеті мен дайындығы; - теориялық және Эксперименталды зерттеу әдістерін қолдану қабілеті; өндірістік-технологиялық қызмет: - регламентке сәйкес технологиялық процесті жүзеге асыру және технологиялық процестің негізгі параметрлерін, шикізат және өнім қасиеттерін өлшеу үшін техникалық құралдарды пайдалану қабілеті және дайындығы; ғылыми-зерттеу қызметі: физикалық және химиялық эксперименттерді жоспарлау және жүргізу, олардың нәтижелерін өңдеу және қателіктерді бағалау, физикалық және химиялық процестер мен құбылыстарды математикалық модельдеу, гипотезалар шығару және оларды қолдану шекарасын белгілеу қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • негізгі заңдарды меңгеруі және нақты нысандарды зерттеуде оны қолдана білуі қажет. - физика-химиялық үрдістерді жүргізуде қолайлы шарттарды таңдай білуі, зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдылануы тиіс
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәнді оқу нәтижесінде студент: меңгерген теориялық білімдерін тереңдетіп, практика жүзінде эксперименттер жасап, студенттердің алған білімін ұзақ мерзім жадында сақтауына және олардың сарамандық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалып тастырады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Физикалық-коллоидтық химия пәнін жете меңгерген студентке әрі қарай мамандығы бойынша оқытылатын арнайы сабақтардан қойылатын кез-келген мәселелермен талаптарды біліктілікпен шеше алады