Сейсмикалық мәліметтер бойынша сейсмикалық модельдер мен геологиялық қималардың түрлерін болжау

Айтбаева Салтанат Сабидоллаевна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бұл курс сейсмикалық деректер негізінде сейсмикалық модельдер мен геологиялық қималардың түрлерін болжау принциптерін, әдістері мен тәсілдерін зерттеуге арналған. Курста табиғи және техногендік сипаттағы сейсмикалық белсенділік құбылыстарының техносфералық қауіпсіздікке әсері қарастырылады. Сонымен қатар, геодинамикалық нысандардың құрылымын автоматты түрде анықтау мүмкіндігімен, әртүрлі кеңістіктік-уақыттық ауқымдағы сейсмикалық деректер бойынша сейсмикалық модельдер мен геологиялық қималардың түрлерін бағалау және болжау әдістері зерттеледі. Курс техногендік қауіптілік тәуекелдерін басқару және сейсмикалық модельдерді болжау сапасын арттыру бойынша шешімдер қабылдауға арналған жүйелі тәсілді ұсынады. Сейсмологиялық мәліметтер бойынша математикалық модельдер жасауға мүмкіндік береді.

Кредиттер саны: 5

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер