Ядролық реакторлардың технологиялары мен конструкциялары
Сипаттама: Пән ядролық реакторлардың жұмыс істеу принциптері мен құрылысы туралы түсініктерді қалыптастыруға бағытталған. Курста реакторлардың жіктелуі мен конструктивтік ерекшеліктері, реактивтілікті басқару, жылу тарату және қауіпсіздік жүйелері, заманауи және перспективалы реакторлық қондырғылар, жабық ядролық отын циклінің технологиялары, сондай-ақ материалдардың жабдықтың пайдалану сипаттамаларына әсері қарастырылады. Пәнді игеру нәтижесінде білім алушылар ядролық реакторлардың жұмысын түсіну және олардың пайдалану және жобалау жағдайындағы тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін бағалау үшін қажетті білім алады.
Кредиттер саны: 5
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 15 |
СӨЖ | 75 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер