Құрылыс жобаларын инвестициялық талдау
Сипаттама: Қаржылық тәуекелдерді талдауды, тиімділік көрсеткіштерін есептеуді (NPV, IRR, өтелу мерзімі), инвестициялық модельдерді әзірлеуді, сондай-ақ құрылысқа инвестициялар саласында негізделген шешімдер қабылдау үшін экономикалық және экологиялық аспектілерді бағалауды қоса алғанда, құрылыс жобаларының инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістерін игеруге бағытталған пән.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Экономикалық теория
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- студенттер мен магистранттардың құрылыс жобаларын инвестициялық талдау, осы салада басқарушылық шешімдер қабылдау саласында экономикалық білім алу, сондай-ақ құрылыс жобаларын жобалау және бағалау, оларды қаржыландыру тәсілдерін таңдау бойынша практикалық дағдыларды игеру.
Міндет
- студенттердің барлық инвестициялық - қаржылық категориялар мен ұғымдар туралы теориялық дайындығын қамтамасыз ету, оларға әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен мәнін түсіндіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- құрылыс жобаларын инвестициялық талдаудың негізгі санаттарының мазмұнын; Кәсіпорынның инвестициялық қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік актілерді; "жобаларды инвестициялық талдау" ұғымын және инвестициялық жобаның өмірлік циклінің мазмұнын; инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістерінің мазмұнын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- тиімді инвестициялық жобаларды таңдау бойынша шешім қабылдай білу; инвестициялық жоба жасау немесе оны әзірлеуге қатысу; инвестициялардың тиімділігін бағалау үшін ақпараттық және компьютерлік технологияларды пайдалану.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Арнайы экономикалық терминдерді, кәсіпорынның инвестициялық қызметінің тәуекелін талдау әдістемесін, инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістемесін меңгерулері керек. Белгісіздік жағдайында шешімдерді қабылдауға қабілеттілігі және оған деген жауапкершлік.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Пікір аламсуда өзін өзі игеруге қабілеттілігі, комммуникациялық жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және бейімделе білу қабілеті, оз ойын сауатты құрастыра білуі.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіптік қызмет үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдысын меңгере білу және магистратурада білімдерін жалғастыру. Жеке басының өсуіне және кәсіптік өсуіне тырысуы.