Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру

Жанабаева Аида Советовна

Оқытушының портфолиосы

Варавин Евгений Владимирович

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Бәсекелестік ортада кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, кәсіпкерліктің негізгі түрлері мен ұйымдастыру нысандары; бизнес-жоспарлау, кадрлық қамтамасыз етілу, қаржыландыру, кәсіпкерлік тәуекелдер зерттеледі. Мәмілелерді ұйымдастыру және кәсіпкерлердің жауапкершілігі қарастырылады; кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағдарламалары зерделенеді. Нәтижесінде білім алушы кәсіпорынды құрудан бастап жойылуына дейінгі бизнес-процестерді тиімді басқара білуі тиіс; кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде тиімді шешімдер қабылдай білуі тиіс.

Кредиттер саны: 3

Пререквизиты:

  • Кәсіпкерлік құқығы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 15
СӨЖ 45
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Бәсекеге қабілетті ортада кәсіпорындардың кәсіпкерлік белсенділігін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен тәжірибелік дағдыларына үйрету
Міндет
  • Еліміздің экономикасын дамытуда кәсіпкерліктің рөлін білу; кәсiпорындарды құрудың әдiстерi мен ерекшелiктерiн әзiрлеу және олардың жұмыс iстеуi; кәсіпорындардың материалдық, қаржылық және еңбек ресурстарын тиімді басқару дағдыларын дамыту; кәсіпкерлікке байланысты тәуекелдерді басқару және компанияның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Өзінің шаруашылық қызметін, яғни өзінің кәсіпорынын құру уақытын және орнын табу; нарықтық мүмкіндігін, яғни кәсіпорынның мамандандырылуын және бағыттылығын дұрыс анықтау; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлікті таңдау; қаржылық ресурстармен, техникамен, технологиямен, кадрлармен қамтамасыз ету әдістері мен жолдарын қолдануға қабілетті болу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Кәсіпорынның құрылу мен жойылуына дейінгі бизнес-урдісті тиімді басқара білу қажет
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі түрлері жайлы хабардар,бизнес-жоспарлаудың негізі; кәсіпорынды басқару құрылым мен ұйымдастырушылық- құқықтық түрлерін таңдай білу қажет
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кәсіпорынның ұйымдастырушылық- құқықтық түрлерін таңдау мен жойылу үрдісіне дейінгі дұрыс шешімді қабылдай білуге, қолданыстағы заңнамаларды пайдалана білу қажет. Қоғамдық қарым-қатынаста, құзырлы қызмет бабында ақпараттық ағындарды басқарудың техникалақ құралдары мен тісілдерін қолдана білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін іс жүзінде құру мүмкіндігі, кәсіпорындардың жұмыс істеуінің экономикалық проблемаларын шешу, кәсіпорын ресурстарын кешенді түрде басқару, бизнес-жобаларға инвестициялардың экономикалық тиімділігін бағалау; белгісіздік және тәуекелдер жағдайында ұйымдық шешімдер қабылдау және экономикалық шешімдер қабылдау дағдыларын иеленеді