Салық есебі
Сипаттама: Пән Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтық есеп жүргізу бойынша білім мен дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Салық салу нысандары, оларды анықтау тәртібі, салықтар мен міндетті төлемдерді есептеу әдістері және салық есептілігін жасау мәселелері қарастырылады. Назар аударылатын негізгі аспектілер – бухгалтерлік және салықтық есептің айырмашылығы, негізгі салық түрлері бойынша есеп жүргізу ерекшеліктері (ККС, ҚҚС, ЖТС және т.б.), сондай-ақ салық агентінің міндеттері. Курс салық заңнамасын тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Салық және салық салу
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- ППәнді оқытудың мақсаты-студенттерді экономиканы дамытудың қазіргі заман талаптарына сәйкес салықтық есепке алуды ұйымдастыруды оқыту болып табылады.
Міндет
- студенттерді кәсіби білімге қойылатын жоғары талаптарға сай болатын және оларға елімізде әрекет ететін салық жүйесі мен бекітілген салық ережелерін негізге ала отырып, салықтардың түрлерін меңгерту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- арнайы компетенцияларды қалыптастыруға ықпал ететін профильді пәндер саласында базалық білім меңгереді
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- шаруашылық жүргізуші субъектілерге және жеке тұлғаларға салықтық кеңес беруге, соның ішінде салық төлемдерін есептеу мен үйлестіруге және салықтық есеп беруді құрастыруға, сонымен қатар ағымдағы қолданылатын салықтық заңнама мен басқадай нормативті-құқықтық актілері негізінде салықтық база мен салықтарды есептеу бойынша кәсіпқой міндеттемелерді орындауға қабілетті
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- қойылған мәселелерге сәйкес қаржы- экономикалық ақпарат өңдеу үшін инструменттік құралдарды таңдауға, алынған қорытындыны негіздеуге қабілетті
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- кәсіптік саласында оңай бейімделуге қабілетті, кәсіби қызметке байланысты әр түрлі жағдайға икемді және мобильді
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- күнделікті кәсіби қызметке қажетті жаңа арнайы білімдер алу машығына ие және білімін магистратурада жалғастыруға қабілетті
Негізгі әдебиет
- Налоговый кодекс РК «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» с изменениями и дополнениями на 01.2020 г.
- Закон «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» от 28 февраля 2007 года №234-ЗРК с изменениями и дополнениями на 1.01.2020 г.
- утвержденные формы налоговых регистров
Қосымша әдебиеттер
- Журнал Бухгалтерский и налоговый учет в РК. -2019
- Султанова С. Налоговый учет - Алматы, «Экономика», 2016