Құрылымдық материалдарға арналған беріктендіру технологиялары

Баятанова Ляйла Болаткановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Әр түрлі практикалық мәселелерді тиімді шешу үшін материалдарды алу мен өңдеудің заманауи әдістері, олардың қасиеттері және оңтайлы қолдану салалары туралы білімге ие болу маңызды. Бұл курс металдардың, қорытпалардың және басқа құрылымдық материалдардың құрылымы мен сипаттамаларын зерттейді. Курсты игеру нәтижесінде студенттер функционалдық талаптарын ескере отырып, нақты өнімдерге ең қолайлы материалдарды сауатты таңдай алады.

Кредиттер саны: 6

Пререквизиты:

  • Механиканың физикалық негіздері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар
Зертханалық жұмыстар 30
СӨЖО 30
СӨЖ 90
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны Емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Материалдардың құрылысы және қасиеті арасындағы байланысты білу. Металдар мен қорытпалардың қасиеттерін экономика, эргономика, пайдалану талаптарына сай тиімді өзгерту үшін механикалық, химиялық, термиялық өңдеу теорияларын игеріп, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену.
Міндет
  • Курсты оқуда материалтану және басқа мамандықтарында оқитын студенттерге металдың және қорытпалардың құрылысынан, олардың кристалдану ерекшеліктерінен, құрылысын зерттеу әдістерінен, механикалық қасиеттерін анықтаудан мәлімет береді. Болашақ мамандарға жалпы инженерлік дайындық беріп, басқа арнаулы пәндерді игеруіне көмек беру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • - осы курстың негізгі түсініктерін, жағдайы мен заңдарын үйренуі керек; - алдына нақты физикалық шарттармен зерттеудің мәселелерін, мақсаттарын және тапсырмаларын қоя білу керек; - оңтайлы шешім қабылдау үшін ақпаратты дұрыс түсініп, аудара білу керек; - мамандықтың тәжірибе мен практикалық есептерде пайда болатын шешімін физикалық табиғаты бар құбылыстармен байланыстыра біліп, дұрыс физикалық шешімін табу керек.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Құрылымдық материалдардың құрылысы мен қасиеттері туралы білімін, оларды өңдеу тәсілдерін және таңдау негіздерін практикалық міндеттерді шешуде қолдана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Қатайтушы технологиялардың (термиялық, химиялық-термиялық және пластикалық деформация әдістері) материал қасиеттеріне әсерін сараптап, нақты өндірістік жағдайға сәйкес тиімді өңдеу тәсілін таңдау жөнінде негізделген пайым жасай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • өзгерістер динамикасы жағдайында әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рөлдердің, географиялық және әлеуметтік ұтқырлықтың өзгеруіне дайындық, оқуды өз бетінше жалғастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Қатайтушы технологиялар саласындағы жаңа ғылыми-техникалық ақпараттарды өз бетінше меңгеру, кәсіби білімді үздіксіз жетілдіру және заманауи өндірістік талаптарға сай бейімделу қабілетін дамыту.
Оқыту әдістері

Оқу сабақтарын өткізу кезінде мынадай білім беру технологияларын пайдалану көзделеді: - интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді түрлерін қолдану: атқарушы (басқарылатын) пікірталас немесе әңгімелесу; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген шарттар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру; - ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы бағдарламалардың кәсіби пакеттерін пайдалана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар); - іздеу-зерттеулік (оқу үрдісінде студенттердің өзіндік зерттеу қызметі);

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
1  рейтинг Коллоквиум 0-100
Жеке тапсырмалар
Аралық бақылау 1
2  рейтинг Коллоквиум 0-100
Жеке тапсырмалар
Аралық бақылау 2
Қорытынды бақылау емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Металдардың атомдық-кристалдық құрылысы
  • Металдар мен қорытпалардың кристалдануы
  • Металдардың механикалық қасиеттері
  • Металдардың деформациясы мен қирауы
  • Металл қорытпалары
  • Көміртекті болат
  • Шойын
  • Термиялық өңдеудің теориялық негіздері
  • Термиялық өңдеу технологиясы
  • Химиялық-термиялық өңдеу
  • Легірленген болат
  • Құрал-саймандық болаттар мен қорытпалар
  • Түсті металдар мен қорытпалар
  • Құрылымдық ұнтақты және композитті материалдар
  • Металл емес материалдар
Негізгі әдебиет
  • 1. Гетьман А. А. Материаловедение. Технология конструкционных материалов — СПб/М.: Лань, 2023, 492 с. Құрамында темір, алюминий, аморфты және радиациялық төзімді қорытпалар, наноматериалдар, керамика, композиттер бар; сондай‑ақ термиялық, химико‑термиялық, лазерлік өңдеу, коррозия, плазмалық, электронды және лазерлік технологиялар қамтылған. 2. Фетисов Г. П. (ред.) Материаловедение и технология материалов, 8‑басылым — Москва: Юрайт, 2024, 808 с. Орта кәсіптік және жоғары оқу орындарына арналған; термиялық өңдеу, технологиялық процестер мен практикалық материалдық құрылымдарды қамтиды 3. Корытов М. С. (ред.) Технология конструкционных материалов, 2‑басылым — Москва: Юрайт, 2025, 234 с. Заманауи технологиялар мен өндірістік тәсілдерді оқу мақсатында жаңартылды
Қосымша әдебиеттер
  • 1.Smith W.F. & Hashemi J. Foundations of Materials Science and Engineering, 7th ed. — McGraw‑Hill. 2.Callister W.D. & Rethwisch D.G. Materials Science and Engineering: An Introduction, 10th ed. — Wiley.