Борттық электрондық жүйелер және автопилоттау
Сипаттама: Пәнде борттық электронды жүйелер мен электромобильді автопилоттау жабдықтары оқытылады. Электрондық жүйелер мен олардың компоненттерінің жіктелуі ұсынылған, типтік құрылымдар мен жұмыс принциптері, электрондық жүйелер мен жабдықтарды дамыту қарастырылған. Студенттер борттық электронды басқару жүйелерінің, мультимедиялық және интеллектуалды көмекшілердің құрылымын, ADAS жетілдірілген қауіпсіздік жүйелерін, кіріктірілген спутниктік навигация және байланыс жүйелерін, компьютерлік көру және автопилоттық жүйелерді талдайды. Оқыту нәтижесінде студенттер борттық электрондық жүйелердің жай-күйін диагностикалау, электрондық компоненттердің жұмыс қабілеттілігін және электрондық жабдықтың атқарушы түйіндерінің сервисін тестілеу біліктері мен дағдыларына ие болады
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Электромобиль және гибридті автомобиль құрылысы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | |
Зертханалық жұмыстар | 30 |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер