Жерасты жұмыстарына арналған заманауи көлік машиналары
Сипаттама: Пән жерасты пайдалы қазбаларын өндіру жұмыстарын жүргізу үшін тау-кен машиналарын жасауда қолданылатын заманауи технологиялар мен жабдықтарды зерттеуді қамтиды. Студенттер көлік машиналарының жұмыс принциптері мен сипаттамаларын, оларды әртүрлі жағдайларда қолдануды және жерасты жұмыстарын ұйымдастыруға және оңтайландыруға байланысты мәселелерді шешуді үйренеді. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер тау-кен өнеркәсібінде заманауи жабдықтар мен машиналармен жұмыс істеу үшін қажетті білім мен дағдыларды алады.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Тау-кен машиналарының құрылысы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Студенттерге жерасты тау-кен жұмыстарында қолданылатын заманауи көлік машиналарының құрылысы, жұмыс істеу принциптері, таңдалуы, пайдаланылуы және техникалық қызмет көрсетілуі бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру.
Міндет
- Жерасты көлік машиналарының жіктелуі мен арналуын меңгеру: Пogрузочно-доставочные машины (ПДМ), жерасты автосамосвалдары, шахталық локомотивтер, монорельстік жүйелер және басқа техника түрлері. Жерасты техникасының конструктивтік ерекшеліктері мен жұмыс принциптерін оқу: Қуат қондырғылары, трансмиссия, гидравликалық жүйелер, жүріс бөлігі және қауіпсіздік жүйелері. Көлік машиналарын пайдалану технологияларын меңгеру: Тар кеңістікте, ылғалдылық жоғары, шаңды және газ қаупі бар жағдайларда жұмыс істеу ерекшеліктері. Жерасты көлік техникасының тиімділігі мен өнімділігін бағалау: Логистиканы жақсарту және көлік ағындарын оңтайландыру әдістерін қарастыру. Техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелерін оқу: Жоспарлы-ескерту қызметтері, диагностика және ақауларды жою тәсілдері. Жерасты көлік машиналарының дамуының заманауи тенденцияларын зерттеу: Электрификация, аккумуляторлы машиналар, автоматтандыру, қашықтан басқару және автономды көлік жүйелері. Жерасты көлік машиналарын қауіпсіз пайдалану дағдыларын қалыптастыру: Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын және жерасты жағдайларында жұмыс ережелерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Жерасты пайдалы қазбаларды өндіруде қолданылатын көлік машиналарының құрылымы, құрылысы және жұмыс үдерістері туралы терең түсінік қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Тау-кен машиналарын нақты өндірістік жағдайларда пайдалану үдерісін ұйымдастыру дағдылары, оған техникалық қызмет көрсету қағидаттарын қолдану, жұмыс режимдерін есепке алу және жабдықтың жағдайын бақылау кіреді.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Студент жерасты жұмыстарына арналған заманауи көлік машиналарын тиімді пайдаланудың маңыздылығы туралы негізделген пікір қалыптастыра алады, өйткені жабдықты ұтымды пайдалану мен оның техникалық сенімділігі тау-кен кәсіпорнының жалпы өнімділігіне, қауіпсіздігіне және рентабельділігіне тікелей әсер етеді.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Студент жерасты көлік машиналарымен жұмыс істейтін персоналмен тиімді өзара әрекеттесе алады, кәсіби коммуникация дағдыларын көрсетеді, қызметкерлерді оқытуды ұйымдастыра алады, оларды ынталандыру және тау-кен өндірісі жағдайында жұмыс тиімділігін бағалау жұмыстарын жүргізе алады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Студент жерасты тау-кен жабдықтарын пайдалану саласындағы жаңа технологиялар мен инновацияларды, соның ішінде автоматтандыру, цифрландыру және заманауи интеллектуалдық жүйелерді меңгере отырып, өздігінен білім алу және кәсіби дамуға қабілетті екенін көрсетеді.