Тау-кен машиналарының құрылымдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері

Есеркегенова Бекзат Жамбылқызы

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән тау-кен машиналары мен жабдықтарын пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі әдістері мен принциптерін зерделеуді қамтиды және қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, тау-кен машиналарын жобалау мен құрастырудың негізгі принциптері, сондай-ақ өндірістегі тәуекелдерді бағалау және басқару әдістері туралы сұрақтарды қамтиды. Пән, сонымен қатар, тау-кен инженериясындағы инновациялық технологиялар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдерін зерттеуді қамтиды.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Тау-кен машиналарының құрылысы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны жазбаша емтихан

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • тау-кен машиналарының конструктивтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар, әдістер және инженерлік тәсілдер туралы білім қалыптастыру, сонымен қатар қауіпті факторларды талдау, сенімділікті арттыру, ақаулардың алдын алу және тау-кен өнеркәсібінде машиналарды қауіпсіз пайдалануға арналған техникалық шешімдер әзірлеу дағдыларын дамыту.
Міндет
  • Тау-кен машиналарының конструктивтік қауіпсіздігіне қойылатын негізгі талаптар мен стандарттарды меңгеру. Тау-кен жабдықтарын жобалау және пайдалану кезінде туындайтын типтік қауіпті факторлар туралы білім қалыптастыру. Машиналардың істен шығуын талдау, тәуекелдерді бағалау, диагностика және болжау әдістерін меңгеру. Құрылымдардың сенімділігін, ұзақ мерзімділігін және тұрақтылығын арттыруға бағытталған инженерлік тәсілдерді оқып-үйрену. Қауіпсіз тораптар мен механизмдерді жобалау қағидаттарымен таныстыру. Қызметкерлер мен жабдық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін конструктивтік шешімдерді таңдауға дағдыландыру. Апаттылықты азайтуға және қауіпсіздікті арттыруға бағытталған заманауи технологиялар мен әдістерді талдау. Қауіпсіздікті бағалау стандарттарын, нормаларын және әдістемелерін практикалық есептерде қолдану дағдыларын қалыптастыру. Тау-кен өндірісі жағдайында тәуекелдерді төмендетуге бағытталған инженерлік шешімдер қабылдау дағдыларын дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Бережной В. И. «Теория механизмов и машин». Механизмдер мен машиналардың беріктігін және қауіпсіздігін есептеудің теориялық негіздері қамтылған. Пчелинцев В. Ф. «Охрана труда в горнодобывающей промышленности». Қауіпті факторларды анықтау және өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары көрсетілген.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Студент конструктивтік қауіпсіздік принциптері бойынша алған теориялық білімді жобалау, сенімділікке баға беру және тау-кен машиналарын қауіпсіз пайдалану сияқты инженерлік міндеттерді шешуде қолдана білуі тиіс. Атап айтқанда, тәуекелдерді талдау, оңтайлы конструкциялық шешімдерді таңдау, тораптардың беріктігі мен ұзақмерзімділігін есептеу әдістерін пайдалану, сондай-ақ жабдықтың ақауларын диагностикалау және болжаудың заманауи тәсілдерін қолдана білуі қажет.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Студент тау-кен машиналарының конструктивтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаттары мен әдістерін меңгереді, жабдықты жобалау мен пайдалану кезінде туындайтын негізгі қауіпті факторларды түсінеді және машиналардың сенімділігі мен беріктігін арттыруға, сондай-ақ оларды тау-кен өндірісінде қауіпсіз пайдалануға бағытталған инженерлік тәсілдерді біледі.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Студент алған білімін тау-кен машиналарының конструктивтік қауіпсіздігін талдауда қолдана алады, ақаулар қаупін төмендетуге, жабдықтың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін арттыруға бағытталған инженерлік шешімдер әзірлейді, сондай-ақ диагностика әдістерін, тәуекелді бағалау тәсілдерін және техникалық есептеулерді тау-кен машинажасау саласындағы практикалық міндеттерді шешуде тиімді қолданады.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Студент тау-кен машиналарының конструктивтік қауіпсіздігіне қатысты инженерлік тұрғыдан негізделген пікірлер қалыптастыра алады, тәуекел факторларын сыни бағалайды, ең қауіпсіз және тиімді техникалық шешімдерді таңдайды, сондай-ақ жабдықты қауіпсіз әрі сенімді пайдалану үшін конструкцияны өзгерту, модернизациялау немесе жөндеу қажеттілігі туралы дәлелді қорытындылар жасай алады.