Кен өңдеу машиналары мен жабдықтары
Сипаттама: Студенттерде тау жыныстарын жіктеуге арналған машиналар мен жабдықтардың конструктивті және пайдалану параметрлерін жобалық есептеудің практикалық дағдыларын қалыптастыру (тегіс және айналмалы елеу беті бар экрандар) және тау жыныстарын ұнтақтау (балғалы ұсатқыштар).
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Тау-кен машиналарының құрылысы
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | жазбаша емтихан |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Пәннің мақсаты — бітірушілердің жер қойнауында инженерлік қызметті тиімді орындауын қамтамасыз ететін жалпы кәсіби және кәсіби құзыреттерін қалыптастыру. Бұл құзыреттер қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу барысында, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібіне арналған бәсекеге қабілетті технологиялық машиналар мен жабдықтарды зерттеу, жобалау және жасау үдерістерінде қажет болып табылады.
Міндет
- Студенттердің тау-кен машиналары мен жабдықтары, олардың тау-кен өндірісіндегі рөлі туралы білімдерін қалыптастыру; тау-кен машиналарының жұмыс режимдерін зерттеу, жобалау және есептеудің заманауи әдістерін меңгеру; тау-кен машиналары мен жабдықтарын қолдануға байланысты өндірістік-технологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық, ғылыми-зерттеу және жобалау салаларында практикалық дағдыларды қалыптастыру; техникалық шешімдердің мақсатқа сәйкестігін дәлелді түрде негіздеу қабілеттерін дамыту және кәсіби қызмет саласында өз бетінше кәсіби білім мен дағдылар деңгейін арттыруға ынталандыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Негізгі кен өңдеу машиналарының (дробилки, мельницы, грохоты, классификаторы, сепараторы және т.б.) жіктелуін және олардың арналуын білу; кенді өңдеуге арналған жабдықтардың жұмыс принциптерін, конструктивтік ерекшеліктерін және қолданылу салаларын түсіну; кенді ұсақтау, майдалау және классификациялаудың негізгі технологиялық схемаларын білу; өңделетін кеннің физикалық-механикалық қасиеттерін және олардың жабдықты таңдауға әсерін түсіну; кен өңдеу машиналарының жұмыс органдарын есептеу және жобалау негіздерін білу; жабдықты пайдалану барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік, сенімділік және энергия тиімділігі талаптарын түсіну; кен өңдеу машиналарын дамытудың және модернизациялаудың заманауи бағыттарын, соның ішінде шетелдік тәжірибені білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Өңделетін кеннің қасиеттері мен технологиялық сұлбасына байланысты оңтайлы кен өңдеу машиналарын таңдауда теориялық білімді қолдану; дробильдік, майдалау және классификациялау жабдықтарының негізгі параметрлеріне инженерлік есептеулер жүргізу; байыту технологиялық желілерін жобалау үшін жабдықты таңдау әдістемелерін пайдалану; кен өңдеу машиналарының техникалық жағдайы мен жұмыс тиімділігін талдау; жабдықты пайдалануда техника қауіпсіздігі, сенімділік және ресурс үнемдеу бойынша білімді қолдану; минералдық шикізатты өңдеу процестерін модельдеу және оңтайландыру үшін заманауи бағдарламалық құралдарды пайдалану; кен өңдеу машиналарын модернизациялау, жөндеу және пайдалану бойынша өндірістік міндеттерді шешу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі кен өңдеу машиналары мен технологиялық сұлбаларды қолданудың тиімділігін сыни тұрғыдан бағалау; пайдалану жағдайлары мен кеннің қасиеттеріне байланысты белгілі бір жабдықты таңдаудың мақсатқа сәйкестігі жөнінде дәлелді қорытындылар жасау; заманауи талаптарды ескере отырып жабдықтың сенімділігін, энергия тиімділігін және өнімділігін бағалау; жабдықты модернизациялау немесе ауыстыру бойынша негізделген инженерлік шешімдер қабылдау; өндірістік жағдайларды талдау және ұсақтау, майдалау, классификациялау процестерінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар әзірлеу; инженерлік шешімдер қабылдау барысында экологиялық, экономикалық және технологиялық факторларды ескеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Кен өңдеу машиналарын таңдау және пайдалану бойынша техникалық шешімдерді ауызша және жазбаша түрде анық әрі сауатты жеткізу; әріптестермен, инженерлермен және техникалық персоналмен қарым-қатынас кезінде кәсіби терминологияны қолдану; есептердің, жобалардың және зерттеу нәтижелерінің материалдарын есеп түрінде, презентациялар және графикалық материалдар ретінде ұсыну; ұсынылған инженерлік шешімдерді кәсіби талқылау барысында дәлелді түрде қорғау; кен өңдеу кешендерін жобалау және пайдалану бойынша күрделі міндеттерді топпен бірлесе отырып шешу; өндірістік және ғылыми ұжымдармен тиімді өзара әрекеттесу, тәжірибе алмасу және инновацияларды енгізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Кен өңдеу машиналарына қатысты техникалық әдебиеттерді, стандарттарды және анықтамалық материалдарды өз бетінше меңгеру; минералдық шикізатты өңдеу саласындағы заманауи ғылыми жарияланымдарды және инновациялық шешімдерді талдау; алынған білімді кәсіби және ғылыми даму үшін пайдалану; цифрлық технологиялар мен мамандандырылған бағдарламалық пакеттерді қолдана отырып жабдықты есептеу және жобалаудың жаңа әдістерін игеру; өз дайындық деңгейін сыни тұрғыдан бағалау және оны арттыру бағыттарын анықтау; тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің заманауи талаптарына бейімделу мақсатында үздіксіз кәсіби білім алу дағдыларын қалыптастыру.