Жол-көлік оқиғасын сараптау
Сипаттама: Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) объективті себептерін және оның мән-жайларын анықтауға, ЖКО бойынша құқықтық шешімге сапалы техникалық негіз жасау үшін оның барлық фазаларында ЖКО қатысушыларының іс-қимылының үрдісі мен сипатының даму серпініне байланысты мәселелердің кең шеңберін қамтиды.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Автокөлік құралдары
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Білім алушы алған білімдері мен дағдыларын пайдалану негізінде тасымалдау қызметін ұйымдастыру және көлік үрдісінің қауіпсіздігі кезінде ұйымдастырушылық, ғылыми және техникалық міндеттерді сауатты шеше алуы үшін ЖКО-ны тексеру және сараптау әдістерін білу негізінде өндірістік міндеттерді шешуге дайындау.
Міндет
- Автомобиль жолдары мен қалаларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ЖКО сараптамасын жүргізудің ұйымдастырушылық аспектілері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- ЖКО-ның негізгі себептерін, ЖКО-ны тергеудің жалпы қағидаларын, арнайы ЖКО-ын тергеу ерекшеліктерін, ЖКО-ын сараптау негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- ЖКО орнын қарау, ЖКО қатысушыларының қозғалысын есептеуді қоса алғанда, ЖКО-ға сараптамалық зерттеу жүргізу, ЖКО-ның алдын-алудың техникалық мүмкіндігін зерттеу, көлік құралдарына сараптама жүргізу және бағалау.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- ЖКО жағдайларын сараптамалық зерттеу, ЖКО-ның сараптамасын автоматтандыруды қоса алғанда, ЖКО-ын алдын-алудың техникалық мүмкіндігін зерттеу кезінде ЖКО-на қатысушыларының қозғалыс ерекшеліктері мен сипатын ескеру.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- ЖКО сараптамасын жетілдіру есебінен тасымалдау қызметтерін ұйымдастыру және көлік үрдісінің қауіпсіздігі саласында кәсіби қызметпен талап етілетін білімдер мен іскерліктерге маманның біліктілік сипаттамаларына қойылатын талаптар деңгейіне қол жеткізу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Күнделікті кәсіби қызмет пен мамандық бойынша білім алуды жалғастыру үшін қажетті жаңа арнайы білім алу дағдыларын меңгеру.
Оқыту әдістері
- интерактивті дәріс (оқытудың келесі белсенді формаларын қолдану: жетекші (басқарылатын) пікірталас немесе әңгіме; модерация; слайдтарды немесе оқу фильмдерін көрсету; ми шабуылы; мотивациялық сөйлеу); - берілген жағдайлар негізінде әртүрлі жағдайлардың даму сценарийлерін құру;-ақпараттық-коммуникациялық (мысалы, қолданбалы кәсіби пакеттерді қолдана отырып, компьютерлік сыныптағы сабақтар );- ізденіс-зерттеу (Оқу процесіндегі студенттердің өзіндік зерттеу қызметі); - оқу міндеттерін шешу.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Тақырып 1
- Тақырып 2
- Тақырып 3
- Тақырып 4
- Тақырып 5
- Тақырып 6
- Тақырып 7
- Тақырып 8
- Тақырып 9
Негізгі әдебиет
- 1. Иларионов В.А. Экспертиза дорожно-транспортных происшествий: Учебник для вузов/ В.А. Иларионов. – М.: Транспорт, 1989. – 255 с. 2. Иларионов В.А. Экспертный анализ наезда автомобиля на пешехода: Учебное пособие/ В.А. Иларионов. – М.: МАДИ, 1988. – 35 с. 3. Пучкин В.А. Основы экспертного анализа дорожно-транспортных происшествий: База данных. Экспертная техника. Методы решений/ В.А. Пучкин. – Ростов н/Д: ИПО ПИ ЮФУ, 2010. – 400 с. 4. Столяров В.В. Теория риска в судебно-технической экспертизе ДТП с участием пешеходов: Монография/ В.В. Столяров. – Саратов: Изд-во СГТУ, 2010. – 344 с. 5. Чава И.И. Судебная автотехническая экспертиза. Исследование обс-тоятельств дорожно-транспортного происшествия: Учебно-методическое пособие/ И.И. Чава. – М.: ИЦ ИПК РФЦСЭ, 2007. – 98 с.