Құрылыс конструкциялары
Сипаттама: Пән темірбетоннан, металдан, соның ішінде дәнекерлеуден, ағаштан және пластмассадан жасалған тірек құрылымдарының негізгі элементтерін қарастырады. Жүктемелердің әсерінен шекті күйлер бойынша құрылыс конструкцияларын есептеу негіздері, конструкция материалдарының физикалық-механикалық қасиеттері қарастырылады. Құрастырудың негізгі принциптері. Құрылымға әсер ететін жүктемелердің жіктелуі және сипаттамасы. Жүктемелердің түрлері; олардың үйлесімі, коэффициенттері.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Математика 1
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 30 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 30 |
СӨЖ | 90 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Металл, темірбетон, ағаш және пластмасса туралы ғылымның қазіргі заманғы жағдайы туралы; бұл материалдардан жасалған құрылыс құрылымдарын есептеу тәсілдерін жетілдірудің негізгі бағыттары туралы теориялық және практикалық білім алу.
Міндет
- Металл, темір бетон, ағаш және пластмасса туралы ғылымның қазіргі жағдайы туралы білім жүйесімен студенттерді қаруландыру; осы материалдардан жасалған құрылыс конструкцияларын есептеу әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары туралы; студенттерге неғұрлым үнемді нұсқаларға қол жеткізу үшін неғұрлым тиімді конструктивтік шешімдерді таңдау бойынша дағдыларды дарыту; әртүрлі материалдардан жасалған негізгі көтергіш конструкциялардың қималарын сапалық және сандық бағалау; конструкциялардың шекті жағдайлары бойынша есептеу дағдыларын дарыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Математикалық гуманитарлық және техникалық ғылымдар облысындағы базалық және арнйы білімдерді кешенді инженерлік қызметте қолдана білу. Материалдардың негізгі физико-механикалық қасиеттерін білу; құрылыс конструкцияларын шектік жағдайлар бойынша есептеу әдісінің негізгі ұғымдарын білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Берілген методика бойынша эксперимент жүргізе алу. Алынған қорытындыларды сараптап, қолданылған материалдар мен дайын бұйымдардың физико-механикалық қасиеттерін және технологгиялық көрсеткіштерін анықтай алу. Есептеуде және жобалауда МемСТ, ҚНжЕ, нормативтік-анықтамалық әдебиеттерді пайдалана білу.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Жобалық шешеімдердің технико-экономикалық негіздімесін жүргізе алу, құрылыс конструкцияларын таңдай білу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Құрылыс конструкцияларының элементтерін және түйіндерін есептеуді стандартты тәсілдерін пайдалана білу, жобалық-конструкторлық жұмыстарды және жобалық және технологиялық құжаттаманы стандартқа, техникалық шарттарға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес орындай алу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Экологиялық таза және энергия үнемдейтін құрылыс құрылымдарын дайындау үшін қазіргі заманғы тәсілдерді қолдана алу.
Оқыту әдістері
Сабақ беру үшін дәстүрлі технологиялар қарастырылған: аудиториялық сабақтар және студенттердің өзіндік жұмысы. Дәріс курсы мультимедиялық түрде ұсынылған. Дәрістік материалды баяндау кезінде дәрістің басында және соңында уәждемелік сөйлеу қолданылады. Дәріс-презентациялар мен практикалық сабақтарда мәтіндік, аудио және бейнеақпараттар, графиктер, кестелер және т. б. қолданылады.
Дәріс сабақтарының тақырыптары
- Пән бойынша кіріспе дәріс
- Бетон мен арматураның физика-механикалық қасиеттері
- Темір бетонның физика-механикалық қасиеттері
- Қалыпты қималар бойынша иілетін элементтердің беріктігін есептеу
- Көлбеу қималар бойынша иілетін элементтердің беріктігін есептеу
- Металл конструкцияларға арналған материалдар, олардың құрамы, қасиеттері
- Металл конструкциялары материалдарының жұмысы
- Ағаш-конструкциялық құрылыс материалы ретінде
Негізгі әдебиет
- 1. Сетков В.И., Сербин Е.П. Строительные конструкции. -М.:ИНФА-М, 2015.-447с. 2. Сахи Д., Зайцев Ю., Дуамбеков М., Хуснутдинов Р. Основы расчета строительных конструкций.- Астана: Фолиант, 2011.-488с. 3. Жердева С.А., Чевская Е.А. Строительные конструкции: сборник задач. – Братск : Изд-во БрГУ, 2012. – 132 с.
Қосымша әдебиеттер
- 4. СНиП 2.01.07-85*. Нагрузки и воздействия. – М.: 2001 г. 5. СНиП 2.03.01-84*. Нормы проектирования. Бетонные и железобетонные конструкции.- М.: 1989, 76с. 6. СНиП РК-5.04-23.-2002 г. Нормы проектирования. Стальные конструкции. -Астана, 2003-118 с. 7. Байков В.Н., Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс- М.: Стройиздат, 1991.- 767с. 8. Металлических конструкций. Учебник для студентов ВУЗов, обучающих-ся по специальности ПГС. Под ред. Беленя Е.И., 6-е издание. - М.: Стройиз-дат. 1986.-560с. 9. Конструкции из дерева и пластмасс. Под редакцией Карлсена Г.Г. и Слицкоухова