Ашық тау жұмыстары технологиясының негіздері
Сипаттама: Пәннің мақсаты студенттердің әртүрлі тау-кен-геологиялық жағдайларда тау-кен қазбаларын жүргізу және бекіту тәсілдері туралы білімдерін қалыптастыру. Пән жерасты тау-кен қазбаларын жүргізу әдістерін, бекіткіштердің түрлерін, сондай-ақ оларды таңдау және есептеу принциптерін қамтиды. Студент пайдалану шарттары мен қауіпсіздікті ескере отырып, тау-кен қазбаларын жобалау, жүргізу технологиялары мен бекітпелерін таңдау дағдыларын игереді.
Кредиттер саны: 6
Пререквизиты:
- Тау-кен өндірісінің негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 90 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны | Жазбаша емтихан |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Болашақ тау-кен инженерлерінің ашық тау- кен жұмыстарының технологиясы, оны механикаландыру және ұйымдастыру бойынша білім алу, игеру, негізгі өндірістік операцияларды орындау, есептеулер жүргізу, сонымен қатар карьерлердің басты параметрлерінің басты көрсеткіштерін жобалу бойынша дағдылау.
Міндет
- Ашық түрде алынған кен орындарын байыту шарттары, Кен орындарын ашық түрде өңдеудің негізгі этаптары. Өндірістік процестер, Карьер элементтерінің конструктивті өлшемдер, Кен орынының ашық түрде өңдеу кезіндегі негізгі этаптары туралы білу керек.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Ашық әдіспен қатты пайдалы қазба кенорнын қазып алу технологиясына көзқарас және әдістемелік принциптердің мақсаттары мен міндеттері;
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- - тау-геологиялық графиканы оқу, кенорнын қазып алудың кез келген сатысында карьердің тілмесін салу; - технологиялық тапсырмаларды шешу; - тау жұмыстарының дамуының тиімді бағытын анықтау;
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Бос жыныстар мен кен қоймаларының үймелерін жобалау; Белгілі бір тау геологиялық шарттарда технологиялық жабдықтар кешенін таңдау; Карьердің шекарасы мен өнімділігін анықтау;
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Технологиялық тапсырмаларды шешуге көзқарастар мен әдістемелік принциптері жалпылау, талдау, жинау.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Пәнаралық көзқарасты интегралдау қабілеті: жалпы категориялар рефлексімен қатар әртүрлі типтегі әдістемелер. Қазбаларды жүргізу және тіреу жұмыстарын; Тау- кен жұмыстарының жоспарларымен жұмыс істей білуі керек.