Агроқұрылымдарды шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру
Сипаттама: Курс ауыл шаруашылығы кәсіпорындары (агроқұрылымдар) шеңберінде жер пайдалануды табиғи жағдайлардың ерекшеліктерін, өндіріс мамандануын және ауылдық аумақтарды тұрақты дамыту талаптарын ескере отырып ұтымды ұйымдастыру саласында студенттердің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Студенттер жер пайдаланудың ішкі құрылымын талдау, шаруашылықтың өндірістік-аумақтық құрылымын жобалау, егіс алқаптарын, инфрақұрылым нысандарын және табиғатты қорғау аймақтарын орналастыруды жоспарлау, сондай-ақ агроқұрылымдардың тиімділігі мен экологиялық тұрақтылығын арттыруға бағытталған жерге орналастыру шешімдерін қолдану дағдыларын меңгереді.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Топырақ тану
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 15 |
| Практикалық жұмыстар | 30 |
| Зертханалық жұмыстар | |
| СӨЖО | 30 |
| СӨЖ | 75 |
| курстық жоба | |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Базалық пәндер
Мақсат
- Аумақтарды шаруашылық ішінде жерге орналастыру саласында теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын алу.
Міндет
- шаруашылық ішіндегі жерге орналастырудың мазмұны және принциптерін; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалардың түрлерін, мазмұнын; жерге орналастырудың кезеңдерін; шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобалардың ерекшеліктерін; мәтіндік және графикалық жобалық құжаттарды құру әдістерін білу.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Агробизнесжоспарлаудың, жерге орналастырудың негіздерін білу.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Құқықтық және нормативтік техникалық құжаттамаларды білу негізінде жер кадастрын жүргізу, жер ресурстарын басқару, жерді бақылау және қорғау саласында кәсіби мәселелерді шешу үшін бар білімдерін қолдану қабілеті.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Ақпаратты сараптау, әртүрлі жерге орналастыру және кадастрлық жұмыс өндірісінің әдістері туралы дәйекті қорытындылар жасау және дәйекті пайымдауды айту.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Ұжымда ұйымдастыру басқару қызметін атқаруға қабілет.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Жер учаскелерін бөліп беру және құқық белгілеуші құжаттарды рәсімдеуді, ауылшаруашылық және елді-мекен жерлерін пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және орындау қабілеті.
Негізгі әдебиет
- Земельный кодекс Республики Казахстан от 20 июня 2003. – Алматы: Юрист, 2003
- Затолокина, Н. М. Основы землеустройства : учебное пособие / Н. М. Затолокина. — Белгород : Белгородский государственный технологический университет им. В.Г. Шухова, ЭБС АСВ, 2020. — 115 c. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/106228.html
- Брыжко, И. В. Основы землеустройства : учебное пособие / И. В. Брыжко. — Пермь : Пермский государственный национальный исследовательский университет, 2025. — 97 c. — ISBN 978-5-7944-4199-4. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/157276.html
- Калиев, А. Ж. Землеустроительное проектирование. Территориальное (межхозяйственное) землеустройство : учебно-методическое пособие / А. Ж. Калиев. — Оренбург : Оренбургский государственный университет, ЭБС АСВ, 2017. — 124 c. — ISBN 978-5-7410-1875-0. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/78904.html
- Гилёва, Л. Н. Современные проблемы землеустройства, кадастра и рационального землепользования : учебное пособие / Л. Н. Гилёва. — Тюмень : Тюменский индустриальный университет, 2020. — 93 c. — ISBN 978-5-9961-2254-7. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/115083.htm