Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы

Азаматова Жанерке Кыдырбековна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс еңбек қатынастарын құқықтық реттеу, сондай-ақ қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық тұрғыдан реттеу саласындағы білім мен дағдыларды қалыптастырады. Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында еңбек заңнамасының сақталуын тиімді бақылау және қадағалау бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мен практикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы кешенді іс-шаралардың тұрақты әрі тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз етедуі

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 30
Практикалық жұмыстар 15
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: ЖОО компоненті

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы" пәнінің мақсаты — студенттердің өндірісте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ нақты өндірістік және тұрмыстық жағдайларда нормативтік талаптар мен қауіпсіздік әдістерін қолдана білу.
Міндет
  • Пәннің міндеті-еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі нормалары мен ережелерін зерделеу, өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау дағдыларын қалыптастыру, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың алдын алу әдістерін игеру, сондай-ақ қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жұмыс орнында денсаулығын сақтау үшін алған білімдерін практикада қолдану қабілетін дамыту.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Пәнді оқуды аяқтағаннан кейін студент еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасының негізгі нормалары мен ережелерін, жазатайым оқиғалар мен кәсіптік аурулардың пайда болу себептерін, олардың алдын алу әдістерін білуі және түсінуі, сондай-ақ осы білімді қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін қолдана білуі тиіс.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • "Студент өндірістік тәуекелдерді анықтау және бағалау, жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын әзірлеу және кәсіпорында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік нормалары мен ережелерін білу мен түсінуді тиімді қолдана білуі тиіс."
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • "Студент өндірістік жағдайларды талдай білуі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзудың тәуекелдері мен салдарын бағалай білуі, негізделген пайымдаулар жасап, жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде ұтымды шешімдер қабылдай білуі тиіс."
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті кәсіби түрде жүзеге асыру, өндірістік тәуекелдер мен қауіпсіздік шаралары туралы нақты және уақтылы ақпарат беруді қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Алған білімдері мен дағдыларын өз бетінше оқыту және біліктілігін арттыру үшін кәсіби пайдалану, Еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етудің жаңа әдістері мен технологияларын меңгеру, өндірістік ортаның өзгермелі жағдайларына және кәсіби қызмет талаптарына бейімделу.
Оқыту әдістері

Контексттік оқыту технологиясы-кәсіп контекстінде оқыту (дайындық бағыты мен бейінінің ерекшелігін ескеретін оқу тапсырмаларында іске асырылады). Интерактивті оқыту технологиясы (білім алушылардың өзара іс-қимылын, кері байланыстың белсенді нысандарын пайдалануды көздейтін оқу тапсырмалары нысанында іске асырылады). Электрондық оқыту технологиясы (электрондық кітапхана жүйесінің ресурстарын пайдалану кезінде, автоматтандырылған тестілеуді өткізу кезінде ШҚМТУ электрондық білім беру ортасының көмегімен іске асырылады).

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • Кіріспе
  • Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері
  • Еңбекті қорғауды басқару жүйесі
  • Еңбекті қорғау бойынша іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру
  • Еңбек туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік
  • Жазатайым оқиғаларды тексеру және есепке алу
  • Химиялық зертханалардағы қауіпті және зиянды факторлар
  • Өндірістік бөлмелердің метеорологиялық жағдайлары және олардың өзгеруіне әсер ету факторлары (температура, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысының жылдамдығы)
  • Өндірістік бөлмелерді желдету
  • Адам ағзасына зиянды заттардың әсері және олардың жұмыс аймағының ауасындағы шекті рұқсат етілген шоғырлануы
  • Өндірістік шаң
  • Өндірістік жарықтандыру, есептеу талаптары мен әдістері
  • Өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және қоршаған ортаны бақылау
  • Электр қауіпсіздігі
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы өрт қауіпсіздігі
Негізгі әдебиет
  • 1. Закон Республики Казахстан «Конституция Республики Казахстан» 2. Трудовой Кодекс РК от 2015г , с изм. на 08.07.2024 3. Закон Республики Казахстан «О гражданской защите» ,2014 4. Даумова Г.К. Еңбекті қорғау: оқу құралы. - Өскемен: ШҚМТУ, 2017.-134 б. 5. Солопова, В. А. Охрана труда на предприятии : учебное пособие \/ В. А. Солопова. — Оренбург : Оренбургский государственный университет, ЭБС АСВ, 2017. — 126 c. — ISBN 978-5-7410-1686-2. — Текст : электронный \/\/ Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https:\/\/www.iprbookshop.ru\/71306.html
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Безопасность жизнедеятельности. Охрана труда в строительстве : методические указания к выполнению практической работы для студентов бакалавриата всех форм обучения направления подготовки 08.03.01 Строительство \/ составители Р. В. Зиновская, Г. Н. Годунова. — Москва : Московский государственный строительный университет, Ай Пи Эр Медиа, ЭБС АСВ, 2015. — 55 c. — ISBN 978-5-7264-1181-1. — Текст : электронный \/\/ Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https:\/\/www.iprbookshop.ru\/40396.html 2. Курбатов, В. А. Безопасность жизнедеятельности. Условия труда : учебное пособие \/ В. А. Курбатов, Ю. С. Рысин, С. Л. Яблочников. — 2-е изд. — Саратов : Вузовское образование, 2024. — 95 c. — ISBN 978-5-4487-0996-8. — Текст : электронный \/\/ Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https:\/\/www.iprbookshop.ru\/142069.html 3. Экспертиза системы управления охраной труда : учебное пособие \/ Е. В. Бакико, В. С. Сердюк, Н. О. Зонова, О. А. Филоненко. — Омск : Омский государственный технический университет, 2022. — 132 c. — ISBN 978-5-8149-3505-2. — Текст : электронный \/\/ Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https:\/\/www.iprbookshop.ru\/131243.html 4. Темір жол саласындағы еңбекті қорғау : әдістемелік нұсқаулық \/ составители А. Т. Абуова, А. С. Асқарова. — Алматы : KEMEL KITAP, 2024. — 176 c. — ISBN 978-601-7042-21-9. — Текст : электронный \/\/ Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https:\/\/www.iprbookshop.ru\/140750.html (дата обращения: 08.10.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей