Қазақ (орыс) тілі

Байбатанова Фарида Ильясовна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс көлемі қазақ тілінің қарапайым шетелдік студенттерге ұсынылған (А1) деңгейенен, қазақстандық студенттердің базалық (А2) деңгейіне өтуіне бағытталған. Қазақ тілінінің фонетикасынан бастап, тіл үйренушінің қарапайым қажеттіліктерін өтейтін тақырыптарды меңгеру. Жазу, оқу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын меңгерту мен қатар грамматикалық тақырырыптар қарапайымнан күрделіге қарай машықтану жаттығуларымен дамытып, коммуникативтік дағдылар қалыптастырылады.

Кредиттер саны: 10

Пререквизиты:

  • Қазақ (орыс) тілі
  • Қазақ (орыс) тілі. Мектеп курсы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер
Практикалық жұмыстар 45
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 30
СӨЖ 75
реферат
Қорытынды бақылау нысаны реферат
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны пікір алысу. Әр халықтың қонақ күту дәстүрі" тақырыбына мәлімет жинау, ақпараттық презентация дайындау.

Компонент: Міндетті компонент

Цикл: Жалпы білімдік пәндер

Мақсат
  • Қазақстан Республикасы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) тілдерді оқытудың халықаралық стандартына сай қазақ тілі пәнін оқыту, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде маңыздылығы мен құндылығын арттыру. «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – шетелдік білім алушылардың қазақ тілінде күнделікті және оқу-әлеуметтік ортада қарапайым деңгейде қарым-қатынас жасауына қажетті коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру. Пән аясында студенттердің тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын кезең-кезеңімен дамыту, қазақ тілінің негізгі лексикалық қоры мен грамматикалық құрылымдарын меңгерту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық құндылықтары туралы бастапқы түсінік беру көзделеді.
Міндет
  • 1) студенттің қазақ тілі бойынша қалыптасқан тілдік дағдыларын дамыту, әрі қарай жетілдіру; қазақ тілінің әліпбиі мен дыбыстық жүйесін меңгерту;
  • 2) күнделікті қарым-қатынасқа қажетті сөздік минимумды қалыптастыру;
  • 3) сөз қолдану деңгейінде қазақ тілінің нормалары туралы жалпы түсінік беру, қазіргі сөйлеу жағдайының өзіндік ерекшелігін көрсету;
  • 4) студенттердің белсенді сөздік қорын кеңейту, және қолдану белсенділігін арттыру, қазақ лексикасының, фразеологиясының байлығын көрсету, тіл мен мәдениеттің өзара іс-қимылын көрсететін түрлі сөздіктер мен анықтамалықтармен таныстыру;
  • 5) ауызша және жазбаша тілдік дағдыларды дамыту;
  • 6) алған білімдері мен дағдыларын өзінің сөйлеу практикасында қолдануға үйрету; қарым-қатынастың әртүрлі салалары мен жағдайларында тілдің нормативтік және мақсатқа сай қолданылуын жетілдіру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • 1. Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Қарапайым деңгей: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. 2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі /жалпы ред.басқ. Т. Жанұзақов. – Алматы:Дайк-Пресс, 2008. – 968 б. 3. Орфографиялық сөздік / Алтыншы басылым. Құраст.: Н. Уәли, Қ. Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н. Әміржанова, А. Әмірбекова. – Алматы: "Дәуір" баспасы, 2013. – 720 б. 4. Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 202б. 5. Рамазанова Ш.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 222 б. 6. Онлайн ресурстар: kaz-tili.kz, www.sozdik.kz, www. soylem.kz, tilalemi.kz. emle.kz. terminkom.kz. atau.kz
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Практикалық (семинар) сабақтар
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Жазбаша жұмыстар/ Эссе
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Ауызша сұрақ-жауап
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Мәтіннің негізгі мазмұнын түсініп оқу
Оқыту әдістері

Реферат

Білім алушының білімін бағалау

Оқытушы ағымдағы бақылау жұмыстарының барлық түрлерін жүргізеді және академиялық кезеңде екі рет білім алушылардың ағымдағы үлгеріміне тиісті баға береді. Ағымдағы бақылау нәтижелері бойынша 1 және 2 рейтинг қалыптастырылады. Білім алушының оқу жетістіктері 100 балдық шкала бойынша бағаланады, Р1 және Р2 қорытынды бағасы ағымдағы үлгерім бағасынан орташа арифметикалық ретінде шығарылады. Академиялық кезеңде білім алушының жұмысын бағалауды пән бойынша тапсырмаларды тапсыру кестесіне сәйкес оқытушы жүзеге асырады. Бақылау жүйесі жазбаша және ауызша, топтық және жеке формаларды біріктіре алады.

Кезең Тапсырма түрі Өлшем
Қорытынды бақылау реферат, емтихан 0-100
Жұмыс түрлері бойынша оқыту нәтижелерін бағалау саясаты
Тапсырма түрі 90-100 70-89 50-69 0-49
Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық Қанағаттанарлықсыз
әртүрлі жанрдағы мәтін түрлерін оқып, түсініп, негізгі және көмекші ақпараттарды ажыратуға, мәтіндердегі мағыналық бөліктерді талдап, саралауға, негізгі ойды тұжырымдауға, тұтас мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің қорытынды бөлімдерін сипаттауға;
қолданыста жиі кездесетін грамматика бірліктерін қолданып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, мәдени, кәсіби салаларда әртүрлі сөйлеу жағдаяттарына еркін араласып, сұхбатқа қатысып, қолдауға, қажетті ақпараттарды сұрап алуға;
тілдің, мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктеріне сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-қатынас жағдайларында құзыреттілік танытуға; пікірталастарда мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға, әңгімелесушілердің пікірін сыни бағалауға
қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрауға және хабарлауға, қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беруге, таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы ретінде ақпаратты пайдалануға
қазақ тілінде әртүрлі мақсаттағы хат-хабарлар жазуға, мақала, аннотация, тезис жазуға, өз қызығушылығына қарай мақала түрлерін, эссе түрлерін жазуға үйренеді;
1) академиялық адалдық ережелерін қатаң сақтауға: плагиатқа, көшіріп жазуға және алдаудың басқа да түрлеріне орын жоқ; 2) сабаққа кешікпеу; 3) сабақтан қалмау, денсаулығына байланысты келмеген жағдайда анықтаманың болуы; 4) сабаққа іскерлік киіммен келуге; 5) оқу процесіне белсенді қатысуға; 6) үй тапсырмасын өз бетінше және уақытында орындау; 7) студенттерге, оқытушыларға және ШҚТУ қызметкерлеріне төзімді, ашық және жылы қарым-қатынаста болу 8) ұжым жұмысына және пікір алысуларға қатысу 9) ұқыпты және жауапты болу (кешігулерге, сабаққа келмеу, сабақтағы өзін-өзі ұстау, жұмысты кеш тапсыру, емтиханға келмеу т.б. жол бермеу). 10) «Д.Серікбаев ат.ШҚТУ КеАҚ» студенттерінің академиялық адалдық Кодексін сақтауға міндетті.
1. Проблемалық оқыту: студенттердің өзіндік белсенді іс әрекеттерін олардың рұқсаты бойынша ұйымдастыру және проблемық жағдай жасау, нәтижесінде ойлау қабілеті дамиды, білімді меңгеру, дағдылану, икемділік шығармашылық түрде өтеді; 2. Зерттеу әдістері: зерттелетін мәселеге терең бойлау және оны шешу жолдарын іздестіру арқылы білімді өздігінен меңгеру; 3. Ойын әдістері технологиясы (рөлдік, іскерлік және оқу ойындарының басқа түрлері): танымдық белсенділікті дамыту, практикалық іс-әрекетте қажетті белгілі бір дағдыларды қалыптастыру.
1. қашықтықтан білім беру технологиялары; 2. тұлғаға бағытталған технологиялар; 3. пәнге бағытталған (мақсат қою процесі, яғни мақсаттар оқушылардың іс-әрекеттерінде көрсетілген нәтижелер арқылы қалыптасады); 4. оқу материалын игеруге көмек көрсету үшін қосымша жеке консультациялар мен сабақтар өткізу.
Бағалау нысаны

Пән бойынша білім алушының білімін қорытынды бағалау 100 баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады және:

  • Емтиханда алынған нәтиженің 40%;
  • Ағымдағы үлгерімнің 60% - ы.

Қорытынды бағаны есептеу формуласы:

И= 0,6 Р12 +0,4Э
2

 

мұндағы, Р1, Р2-тиісінше бірінші, екінші рейтингті бағалаудың сандық эквиваленттері;

Э - емтихандағы бағаның сандық баламасы.

Қортынды әріптік бағасы және оның балдық сандық эквиваленті:

Төрт балдық жүйе бойынша цифрлық баламаға сәйкес келетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі:

Әріптік жүйе бойынша бағалар Балдардың сандық эквиваленті Балдар (%-тік құрамы) Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74
C 2.0 65-69 Қанағаттанарлық
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
FX 0.5 25-49 Қанағаттанарлықсыз
F 0 0-24
Практикалық сабақтардың тақырыптары
  • 1
  • Қорытынды сабақ
  • Пікірсайыс
  • Эссе жазу
  • Мәтінмен жұмыс
  • Бейнематериалдарды талқылау
  • Ауызша сұрақ-жауап
  • Межелік бақылау жұмысы
  • Жаттығу жұмыстары
  • Мәтінмен жұмысы
  • Топтық жоба қорғау
  • Бейнебаян, презентация әзірлеу, қорғау
  • Лексикалық минимум тапсыру
  • Постер, синквейн, ассограммалар
  • Межелік бақылау жұмысы
Негізгі әдебиет
  • Негізгі: 1. Қазақ тілі. Оқу құралы. Бастапқы деңгей. А1.(Бірлескен авторлықта). Астана, 2019. 122 бет. 2. Досмамбетова Г.Қ., Балабеков А.К., Бозбаева-Хунг А.Т., Сейсенова А.Д. Қазақ тілі: қарапайым деңгейге арналған оқулық. Ұлттық тестілеу орталығы. – Астана, 2016. 3. Ерназарова З.Ш., Тілешов Е.Е. және т.б. Қазақ тілі: үш деңгейлік оқу құралы/ – Астана: Арман-Медиа, 2013.- 294 б. 4. Сатбекова А.А. Студенттердің қазақша тілін дамытуға арналған мәтіндер жинағы. Оқу құралы. – Алматы, 2013. – 112 б. 5. Абдуова Б.С., Асанова Ұ.О. Қазақ тілі: Орыс тілді топтарға арналған оқу құралы. – Астана, 2017. - 282 б. 6. 1.Байбатанова Ф.И. Қазақ тілі (уровень А2). Учебное пособие (для студентов технических вузов) – Усть-Каменогорск: ВКТУ, 2023. С 141.
Қосымша әдебиеттер
  • 1. Салқынбай А.Б., Егізбаева Н.Ж. Қазақ тілі. Қарапайым деңгей: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2017. 2. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі /жалпы ред.басқ. Т. Жанұзақов. – Алматы:Дайк-Пресс, 2008. – 968 б. 3. Орфографиялық сөздік / Алтыншы басылым. Құраст.: Н. Уәли, Қ. Күдеринова, А.Фазылжанова, Ж.Исаева, Н. Әміржанова, А. Әмірбекова. – Алматы: "Дәуір" баспасы, 2013. – 720 б. 4. Қарабаева Х.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2014. – 202б. 5. Рамазанова Ш.Ә. Қазақ тілі: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2018. – 222 б. 6. Онлайн ресурстар: kaz-tili.kz, www.sozdik.kz, www. soylem.kz, tilalemi.kz. emle.kz. terminkom.kz. atau.kz