Кванттық-өлшемді жүйелер физикасы

Баятанова Ляйла Болаткановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Пән өлшемдік кванттаудың жалпы принциптерін, көлемі төмен қатты денелі құрылымдарда өтетін физикалық процестердің негіздерін, кванттық шұңқырлармен, кванттық жіптермен және кванттық нүктелермен жартылай өткізгіштік құрылымдарды қоса, осындай құрылымдарды жасау мен өңдеудің қазіргі заманғы технологиялары негіздерін және наноэлектрониканың тиімді құралдарын әзірлеу және оларды қолдану принциптерін оқытады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Конденсирленген күй физикасы

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Базалық пәндер

Мақсат
  • Пәнді оқытудың мақсаты ғылыми - зерттеу мекемелерінде және өнеркәсіптік өндіріс жағдайында заманауи микро-және наноэлектроника және нанотехнологиялар саласында белсенді шығармашылық жұмысқа қабілетті жоғары білікті мамандарды дайындау болып табылады.
Міндет
  • жағдайында өзіндік шығармашылық кәсіби іс-әрекетке қабілетін қамтамасыз ететін білімді, іскерлікті, дағдыларды қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Электрондық аспаптар жұмысының физикалық негіздерін білу
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Микроэлектрониканың дәстүрлі әдістерін, сондай-ақ төмен өлшемді құрылымдарды алу үшін соңғы жылдары әзірленген арнайы технологиялық процестерді қамтитын мөлшерлілігі төмен құрылымдарды құру технологиясын білу
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Нақты ғылыми-техникалық есепті шешу үшін ең қолайлы электрондық құралды таңдау білігі
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Кванттық механиканың математикалық аппараты базасында төмен өлшемді жүйелер параметрлерінің сандық есебін орындай білу
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Микро және наноэлектрониканың жаңа материалдарын, компоненттерін, аспаптары мен құрылғыларын жасау үшін жаңа физикалық құбылыстарды қолдана білу