Фазалық түрлену

Баятанова Ляйла Болаткановна

Оқытушының портфолиосы

Сипаттама: Курс термодинамикалық теорияны және фазалық ауысулардың статистикалық теориясының негіздерін қамтиды. Критикалық аймақта болып жатқан флуктуациялық процестердің маңыздылығын атап көрсетеді. Курс барысында алынған дағдылар мен білімдерді материалдарды өңдеу технологияларын жетілдіруге байланысты практикалық қызметте одан әрі пайдалануға болады.

Кредиттер саны: 5

Пререквизиты:

  • Заманауи физиканың өзекті мәселелері

Пәннің еңбек сыйымдылығы:

Жұмыс түрлері сағат
Дәрістер 15
Практикалық жұмыстар 30
Зертханалық жұмыстар
СӨЖО 75
СӨЖ 30
Қорытынды бақылау нысаны емтихан
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны

Компонент: Таңдау бойынша компонент

Цикл: Кәсіптік пәндер

Мақсат
  • Мұнай және газ өнеркәсібіндегі, сондай-ақ мұнай, газконденсатты қоспалар мен газ қоспаларының қасиеттерін зерттеу саласындағы инженерлік және ғылыми қызмет үшін қажетті деңгейде студенттердің теориялық және жалпы физикалық дайындығын қамтамасыз ету.
Міндет
  • Фазалық түрленудің термодинамикалық және статистикалық сипаттамаларының жалпы принциптерін; фазалық түрленудің жіктелуін; қатты денедегі түрленудің негізгі түрлерін және физикалық-механикалық қасиеттерді қалыптастырудағы олардың көріністерін; конденсирленген ортадағы фазалық түрленуді зерттеудің негізгі әдістерін, конденсирленген ортадағы және қатты денедегі фазалық түрленудің типтеріндегі байқалатын өзгерістер арасындағы байланысты орнату.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
  • Конденсирленген ортаның қасиеттерін болжауға фазалық ауысулардың модельдік теорияларының қорытындысын қолдана білу, конденсирленген ортаның қасиеттеріндегі байқалатын өзгерістер мен конденсацияланған ортаның және қатты денелердің фазалық түрленуі арасындағы байланысты орнату.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
  • Фазалық ауысулардың алуан түрлілігіне бағдарлау,көмірсутегі ерітінділерінің фазалық диаграммаларының типтерін ажырату.
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
  • Конденсирленген орталардағы фазалық айналуларды зерттеу үшін нақты зерттеу әдістерін ұсыну.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
  • Пәннің негізгі заңдарын кәсіби қызметте қолдануға, теориялық және эксперименталды зерттеу әдістерін қолдануға дайын болу.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
  • Конденсирленген ортадағы құрылымдық-фазалық түрленудің әр түрлі түрлері туралы білімді меңгеру.
Оқыту әдістері

Осы пән бойынша дәрістер оқығанда «Проблемалық дәріс» сияқты имитативті емес белсенді оқыту әдісі қолданылады. Модульді зерттемес бұрын проблема көрсетіледі, және модульдің барлық келесі материалдары оны шешуге бағытталады. Дәріс оқығанда мультимедиялық презентация қолданылады. Тәжірибелік жұмысты орындау кезінде «Кейс-әдіс» интерактивті оқыту әдісі қолданылады: магистранттарға жұмысты орындауға дайындалу үшін тапсырма беріледі; жұмыстың мақсаты және оны жүзеге асыру барысы оқытушымен талқыланады; мақсат әр түрлі көзқарастар бойынша талданады, гипотезалар алға шығады, қорытындылар жасалады және алынған нәтижелер талданады. Келесі инновациялық бақылау әдістері қолданылады: аралық және қорытынды тестілеу.

Дәріс сабақтарының тақырыптары
  • 1
Негізгі әдебиет
  • 1 Лахтин Ю.М., Материаловедение / Ю.М. Лахтин. М.: Ма-шиностроение, 1983. 582 с. 2. Арзамасов Б.Н., Материаловедение / Б.Н. Арзамасов. М.: Машиностроение, 1986. 383 с. 3. Колачев Б.А., Металловедение и термическая обработка цветных металлов и сплавов / Б.А. Колачев, В.А. Ливанов, В.И. Елагин. М.: Металлургия, 1972. 480 с. 4 Нестехиометрия, беспорядок, ближний и дальний порядок в твердом теле / А.И. Гусев .— М. : Физматлит, 2007 .— 856 с. — ISBN 978-5-9221-0609-2