Кристалдардық материалдарда ақаулардың пайда болуы
Сипаттама: Металлдар және қорытпалардың қасиеттеріне кристалды торлар ақауларының әсерін анықтайтын өнеркәсіптік металл конструкциялық материалдардың басымдық көпшілігінің кристалл құрылымы туралы білім алушыларда тұтас түсініктерді қалыптастыруға курстың құрылымы бағытталған.
Кредиттер саны: 5
Пререквизиты:
- Заманауи физиканың өзекті мәселелері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
Жұмыс түрлері | сағат |
---|---|
Дәрістер | 15 |
Практикалық жұмыстар | 30 |
Зертханалық жұмыстар | |
СӨЖО | 75 |
СӨЖ | 30 |
Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: Таңдау бойынша компонент
Цикл: Кәсіптік пәндер
Мақсат
- Кристалл және аморфтық материалдарға, олардың құрылымы мен қасиеттеріне қатысты білу, кристаллохимия және кристаллфизика негіздерін білу.
Міндет
- Білу: - материалдардың химиялық құрамын, құрылымын (құрылысын) және қасиеттерін байланыстыратын заңдылықтарын; - бұйымдарды жасау және пайдалану процесінде материалдар қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын.
Оқыту нәтижесі: білу және түсіну
- Білу: сипаттамалары мен қасиеттерін; кристалды заттардың симметрия элементтерін; кристалды құрылымының ақауларының жіктелуін және олардың қасиеттерге әсерін.
Оқыту нәтижесі: білім мен ұғымды қолдану
- Кристалды материалдардың қасиеттерін анықтау әдістері, рентгенқұрылымды талдау принциптері туралы пікір қалыптастыру
Оқыту нәтижесі: талқылай білуді қалыптастыру
- Әртүрлі мақсаттағы бұйымдарды дайындау технологиясы мен материалын оңтайлы таңдауын жүргізу.
Оқыту нәтижесі: коммуникативтік қабілеттіліктер
- Меңгеруі тиіс: оқу, анықтамалық және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуін; заттың стереохимиялық формуласын есептеуін.
Оқыту нәтижесі: Оқу дағдылары немесе сабаққа қабілеттілігі
- Микро және наноэлектрониканың жаңа материалдарын, компоненттерін, аспаптары мен құрылғыларын жасау үшін жаңа физикалық құбылыстарды қолдана білу.