Веб-картография және геопорталдарды әзірлеу
Сипаттама: Студенттердің кеңістіктік деректерді жариялау, талдау және визуализациялау үшін веб-картография және геопортал құру бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру. Курс веб-картаға түсіру технологияларын, геокеңістіктік веб-сервистермен жұмыс істеу негіздерін, сондай-ақ заманауи ГАЖ-платформалар мен веб-бағдарламалауды пайдалана отырып, геопорталдарды жобалау және іске асыру принциптерін зерттейді. Студенттер интерактивті веб-карталарды құруды, веб-қызметтерді (WMS, WFS) орнатуды, геопорталдардың прототиптерін жасауды және оларды геодеректермен алмасу және талдау үшін пайдалануды үйренеді.
Кредиттер саны: 8
Пререквизиты:
- Картография және геовизуализация негіздері
Пәннің еңбек сыйымдылығы:
| Жұмыс түрлері | сағат |
|---|---|
| Дәрістер | 30 |
| Практикалық жұмыстар | |
| Зертханалық жұмыстар | 45 |
| СӨЖО | 45 |
| СӨЖ | 120 |
| Қорытынды бақылау нысаны | емтихан |
| Қорытынды бақылауды жүргізу нысаны |
Компонент: ЖОО компоненті
Цикл: Базалық пәндер