• Әлеуметтік серіктестердің қаржыландыруы және тапсырыс бойынша білім алуға мүмкіндік;
  • «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша  қолданбалы бакалавриат бағдарламасын іске асыру»;
  • WorldSkills  стандарттарын оқу процесіне енгізу (робототехника, виртуалды және толықтырылған шындық, сандық бағдарламалық қамтамасыз ету станоктарында бағдарламалау және т. б.);
  • Futurum, Veritas университеттерінің оқу-ғылыми-өндірістік орталықтарында сабақтар өткізу;  
  • Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-да қысқартылған бағдарлама бойынша білім алуды жалғастыру;
  • басқа қаладан  келгендерге жатақханадан орын беру;
  • жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктері;
  • кәсіби білім алу және жұмыс мамандығын игеру, сондай-ақ, қалауымен Университетте жоғары білім алу.

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:

 

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш; 21.04.2021 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) ЭЦҚ-ны тексерудің нәтижесі оң.
  2. білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
  4. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;
  5. жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады. Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:
  • шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
  • азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
  • босқын – босқын куәлігі;
  • пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  • қандас – қандас куәлігі

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жоғары ақпараттық колледжі келесі мамандықтарға қабылдау туралы хабарлайды

Құжаттарды тапсыру мерізімі:

  • күндізгі оқу бөліміне 25 маусымнан - 25 тамызға дейін;
  • сырттай оқу бөліміне 25 маусымнан - 20 қыркүйекке дейін

Біздің байланыс телефондарымыз:

Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19

8 (7232) 70-46-38, внутренний 359

  +77779948849

  8 777 9948849 - Омирзак Аружан Биахметовна

whatsappВиртуалды қабылдау бөлмесі

Сайт: www.ektu.kz «Білім беру», «Онлайн талапкер» бөлімдеріндее

mail [email protected]