1. ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
  2. жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы), қажет болған жағдайда қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар;
  3. жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сондай-ақ тұруға ықтиярхаттың көшірмесі;
  4. өлшемі 3 x 4 сантиметр сандық фото;
  5. № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ үміткер тұратын елдің ресми Денсаулық сақтау органы берген адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-инфекциясы) және ЖИТС ауруының жоқтығы туралы медициналық анықтаманы ұсынады.

* Сенім білдірілген тұлға берген кезде нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну қажет.

Соңғы өзгерістер күні:
22.04.2022