Шетелдік талапкерлерге
Online Admission of International Students to the D. Serikbayev EKSTU
1. Қабылдау ережелері
Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішіндегі әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде тұлғаларды қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.
Қажетті құжаттар тізімін зерделеу және қабылдау комиссиясына тапсыру үшін дайындау.
2. Талапкер күнтізбесі
- Құжаттарды қабылдау - 1 маусымнан 25 тамызға дейін
- Әңгімелесу өткізу - 10-25 тамыз аралығында
- Шарт жасасу, төлем жасау, оқуға қабылдау - 25 тамызға дейін
3. Білім беру бағдарламалары
4. Құжаттар тізімі
- ұйым басшысының атына еркін нысандағы өтініш;
- жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім туралы құжат (түпнұсқасы), қажет болған жағдайда қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы бар;
- жеке басын куәландыратын құжат (паспорт), сондай-ақ тұруға ықтиярхаттың көшірмесі;
- өлшемі 3 x 4 сантиметр сандық фото;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 075/е нысаны бойынша медициналық анықтаманы, сондай-ақ үміткер тұратын елдің ресми Денсаулық сақтау органы берген адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ-инфекциясы) және ЖИТС ауруының жоқтығы туралы медициналық анықтаманы ұсынады.
* Сенім білдірілген тұлға берген кезде нотариус куәландырған сенімхаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсыну қажет.
5. Нормативтік құжаттар
6. Қазақстанның ЖОО-да білім алуға арналған стипендиалдық бағдарлама
7. Байланыс
Тел.: 8 (7232) 51 08 85
Адрес: ШҚО, Өскемен қ., Серікбаев к., 19