Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішіндегі әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.

Шет тіліндегі құжаттар нотариат куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасымен қоса ұсынылады.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар 1 (бірінші) академиялық оқу кезеңі ішінде тұлғаларды қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім туралы құжаттарды тану рәсімінен өтеді.

Қажетті құжаттар тізімін зерделеу және қабылдау комиссиясына тапсыру үшін дайындау.

Соңғы өзгерістер күні:
22.04.2022