serpin42015 жылдан бастап Қазақстанда «Серпін-2050» – «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті бұл маңызды бастаманың алғашқы қатысушыларының бірі болып, мыңдаған жастардың сапалы білім алуына жол ашты.

Жыл сайын еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінен келген дарынды жастар біздің университет қабырғасында білім алып, болашақ мамандықтарын игеруде. Бағдарламаның басты мақсаты – халық тығыз орналасқан аймақтардағы жастарды кадр тапшылығы байқалған солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыру. Алғашында педагогикалық мамандықтармен шектелген бұл бағдарлама бүгінде техникалық және ауыл шаруашылығы салаларын да қамтиды.

«Серпін» бағдарламасы аясында грант иегерлері жайлы жатақханамен қамтамасыз етіліп, оқу бітірген соң жұмысқа орналасуға университет тарапынан қолдау көрсетіледі.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ – бұл тек білім ордасы ғана емес, нағыз мүмкіндіктер алаңы! Мұнда студенттердің жан-жақты дамуы үшін барлық жағдай жасалған:

  • 5 миллионнан астам кітаптар мен электрондық оқулықтары бар заманауи кітапхана
  • Кәсіби деңгейдегі спорт залдары
  • Ғылыми-зерттеу зертханалары
  • Жайлы жатақханалар
  • Әскери кафедра
  • Бұқтырма су қоймасының жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да білім алу – сенімді болашаққа бастар жол! Бізбен бірге өз арманыңа қадам жаса!

Соңғы өзгерістер күні:
02.04.2025