жайлылық пен қауіпсіздіктің үлгісі

«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша білім алатын барлық студенттер заманауи жатақханалармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда жастардың алаңсыз білім алуы мен жайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалған.

Жатақханаларда кең әрі жарық акт залдары бар, онда түрлі мәдени, шығармашылық және танымдық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, студенттер үшін жоғары жылдамдықты интернетпен жабдықталған арнайы бөлмелер, зияткерлік дамуға арналған оқу залдары, дене шынықтыруға мүмкіндік беретін спорт бөлмелері мен тұрмыстық қажеттіліктерге арналған жайлы аймақтар қарастырылған.

Қауіпсіздік мәселесі ерекше назарда – жатақханалар заманауи сандық бейнебақылау жүйесімен толық қамтылған, бұл студенттердің тәуліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ жатақханалары – білім, жайлылық және қауіпсіздік үйлескен орта!

Соңғы өзгерістер күні:
04.04.2025