Қазақстанның колледждері мен жоғары оқу орындарында оқытудың қолжетімділігін кеңейту мақсатында 2005 жылдан бастап талапкерлер мен студенттер негізгі борыш сомасын төлеу бойынша 10 жылға дейінгі мерзімге кейінге қалдыра отырып, кепілсіз студенттік кредиттер ала алады.

Кредиттер бойынша кепілді қамтамасыз ету ретінде Қаржы орталығының кепілдігі болып табылады.

Кепілдік міндеттеме – бұл ұйымның келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда айқындалған кепілдік мөлшері шегінде қарыз алушының кредит шарты бойынша міндеттемелерін орындауы үшін банк алдында жауап беру міндеттемесі.

Аталған бағдарламаның келесідей бірқатар артықшылықтары бар:

  • негізгі борыш сомасын өтеу оқу мерзімі өткеннен кейін және оны бітіргеннен кейін 6 ай өткен соң жүргізіледі;
  • оқу орнын таңдау бойынша шектеулердің болмауы;
  • несие сомасы бойынша шектеулердің болмауы (оқу құнынан артық емес);
  • несие Қазақстан бойынша қолжетімді;
  • айыппұл санкцияларын алмай, мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігімен 10 жылға дейін.

Толығырақ: https://fincenter.kz/students/guarantee

байланыс номері: 8 8000 802 828

сайт: https://fincenter.kz/

Соңғы өзгерістер күні:
28.05.2026