Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар, студенттер!

rmeb https://openu.kz/kz/books сілтемесі бойынша  сіз "Қазақстанның ашық университетінің" сайтына кіре аласыз (сілтеме университет сайтының кітапханалық бетінен де, " Ғылым және инновация - Ғылыми кітапхана - Қашықтан қол жетімді ресурстар" ) – Open University білім беру платформасы.

Мұнда сіз еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен оқытушыларының бейнебаяндамаларының  жиынтығынан тұратын онлайн-курстар таба аласыз, Олар тірек конспектілермен, материалды бекітуге арналған тапсырмалармен, сондай-ақ білімді тексеруге арналған тестермен және емтихан сұрақтарымен толықтырылған.

Жобаның мақсаты-сапалы тегін онлайн-курстар ұсыну арқылы ел халқының зияткерлік деңгейін арттыру. Сандық технологиялар арқылы барлығы үшін қолжетімді онлайн-білім беру. Қашықтықтан оқыту, атап айтқанда, интернет-оқыту маңызды артықшылықтарға ие, оның ішінде оқу үдерісі шеңберінде графиктің ыңғайлылығы, қол жетімділігі және икемділігі.

Осы жерде сайтта сіз " Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" - тарих, философия, әлеуметтану, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және бизнес бойынша әлемнің жетекші университеттерінің қазақ тіліне аударылған үздік оқулықтарын таба аласыз. Университет кітапханасына 2018 жылы 19 атау бойынша 3938 дана кітап  келіп түсті. Барлық оқырмандар оларды алып, қолдануына болады.

Сіздерде "Қазақстанның ашық университеті" сайтында тіркелу, өз дәрістеріңізбен роликтерді жүктеу немесе оқу процесінде осы платформада орналастырылған лекцияларды пайдалану мүмкіндігі бар.