Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Берлин Техникалық университеті және Volkswagen фондымен бірлесіп “Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу” жобасына қатысуға байқау жариялайды.
Жоба келесі зерттеу салаларын ұсынады:
- Жерді пайдалану және транспорттық қозғалыс ұйымдары арасындағы өзара байланыс
- Транспортты модельдеу
- ПО GIS бойынша деректерді басқару және талдау
- Бағалау және болжау
- Мобильділік және оның сипатты белгілері
- Біріктірілген жоспарлау амалдары және саясатты (үздік тәжірибелер)
- Экологиялық тұрақты транспорттық жүйеге арналған шаралар және стратегиялар
- Бейресми Қоғамдық транспорт жүйесінің сипаттамалары (мүгедектерге транспорттық қызмет көрсету жүйесі), ресми жүйелерді толықтыру және біріктіру
- Бүкіл әлемнің басқа қалаларынан ең үздік тәжірибелер
- Біріктірілген немесе үлестірілген мобильділік
- Транспорт ұйымын жоспарлауға қатысу және басқару
- Транспорттық саясат өзгерістері (тәуекелдер мен мүмкіндіктер)
Грант жоба қатысушыларына 3 ай көлемінде тағылымдамадан өтуге қаржыландыруды, сонымен қатар Орталық Азия елдерінде өткізілетін жазғы мектептерге қатысуды ұсынады. Грант мөлшері:
- магистр немесе PhD дәрежелі жас ғалымдарға- сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1400 €;
- докторантураға түсетін магистратура түлектеріне- сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1300 €;
- магистранттарға- сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1100 € құрайды.
Жоба қатысушыларына қойылатын талаптар:
- қатысушы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистранты, докторанты, жас зерттеуші-ғалымы болуы мүмкін
- қатысушының ағылшын тілін меңгеру деңгейі А2-В1 төмен болмауы қажет
- қатысушы CV әкеліп және өзінің жобаға қатысуын еркін формада баяндауы қажет + күнтізбелік жоспар.
Егер сіз қызығушылық білдірсеңіз, біз сізді Г1- 235 ауд. күтеміз!