Дөңгелек стол тақырыбы: Тұлғаның әлеуметтенуі. Дөңгелек стол мақсаты: 1-2 курс және «Серпін» бағдарламасы студенттерін тұлға ұғымымен, оның әлеуметтену жағдайымен таныстыру. Оларға тұлға мен қоғам арақатынасын ашып көрсету. 

Уақыты: 26.04.2018 ж. сағат 17.30.

Өткізілетін орны: Жатақхана, акт.зал

Қатысатындар: 1-2 курс студенттері

Жауапты: «Абай және 21 ғасыр» халықаралық клубының аймақтық ортылығының жетекшісі, «ҚТ және ӘГП» каф.доценті, Абдыгалиева Л.И.

Дөңгелек стол бағдарламасы

1. «Тұлғаның әлеуметтенуі: студенттік кезеңнің ерекшеліктері. Әлеуметтік кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбына дәріс. Абдыгалиева Л.И.

2. Пікірталас. Тақырыбы: «Адам өмірінің құндылықтары және мәні»

Пікірталас сұрақтары

1. Студент тұлғасының қалыптасуына әлеуметтік және биологиялық факторлар қалай әсер етеді?

2. Әртүрлі мамандықта оқитын студенттердің ерекшеліктерін сипаттаңыз (гуманитарлық, техникалық, жаратылыстану және т.б).

3. Студенттердің курсына байланысты әлеуметтік бейімделуі қалай жүреді?