Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, 070004, Өскемен қ., Протозанов көшесі, 69, телефоны 8 (7232) 57 79 83 , бос қызмет орындарына орналасу конкурсы туралы хабарлайды:
1. Кафедра меңгерушілері:
- «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» - 1.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, ғылыми дәреженің болуы және педагогтік, жетекшілік ету лауазымдарында жұмыс істеу өтілі 5 жылдан кем емес.
2. Кафедра профессорлары:
- «Жалпы инженерлік дайындық» - 1.
- «Ақпараттық технологиялар» - 1.
- «Энергетика» - 1.
- «Геология және кен ісі» - 1
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреженің, «қауымдастырылған профессор (доцент)» ғылыми атағының болуы және ғылыми-педагогтік қызметте жұмыс істеу өтілі 5 жылдын кем емес.
3. Кафедра доценттері:
- «Құрылыс» - 1.
- «Машинажасау» - 2.
- «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер - 1.
- «Технологиялық машиналар және көлік» - 2.
- «Ақпараттық технологиялар» - 2.
- «Техникалық физика және материалтану» - 1.
- «Энергетика» - 5.
- «Қазақ және орыс тілдері» (орыс тілі) - 1.
- «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» - 2.
- «Геология және кен ісі» - 1.
- «Шетел тілдері» - 1.
- «Түрлі түсті және сирек металдар металлургиясы» - 1.
- «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» - 1.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми дәреженің болуы, ғылыми-педагогтік қызметте жұмыс істеу өтілі 5 жылдын кем емес.
4. Кафедраның аға оқытушылары:
- «Сәулет өнері және дизайн» - 2.
- «Құрылыс» - 3.
- «Машинажасау» - 1.
- «Технологиялық машиналар және көлік» - 1.
- «Ақпараттық технологиялар» - 2.
- «Математикалық және компьютерлік модельдеу» - 2.
- «Техникалық физика және материалтану» - 1.
- «Аспапжасау және технологиялық процестерді автоматтандыру» - 1.
- «Энергетика» - 5.
- «Қазақ және орыс тілдері» - 1.
- «Инженерлік кәсіпкерлік» - 1.
- «Геодезия, жерге орналастыру және кадастр» - 3.
- «Геология және кен ісі» - 3.
- «Түрлі түсті және сирек металдар металлургиясы» - 1.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, ғылыми-педагогтік қызметте жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем емес, соның ішінде оқытушы лауазымында 1 жылдан кем емес және төмендегі шарттың біруін орындау:
- ғылыми дәреженің болуы;
- PhD докторантурасында оқуды аяқтауы (2 жыл бұрын ғана) және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда – 1 мақаланың, ҚР БҒМ-мен ұсынылған ғылыми басылымдарда 2 мақаланың болуы (журналдар PhD докторы дәрежесін тағайындау тәртібіне орай нақтыланады);
- ҚР БҒМ-мен ұсынылған оқулықтың, не болмаса РОӘК-пен ұсынылған жеке оқу құралының болуы;
- халықаралық IELTS, TOEFL сертификаттарымен немесе алыс шетел университетінің (ағылшын тілінде білім алу) магистрі дипломымен расталған ағылшын тілін В1 және одан жоғары деңгейде меңгеруі;
- жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімнің және мамандық (қызмет бейіні) бойынша іс-тәжірибе жұмысы өтілінің 5 жылдан кем емес болуы.
5. Кафедраның оқытушылары:
- «Сәулет өнері және дизайн» - 1.
- «Құрылыс» - 1.
- «Машинажасау» - 1.
- «Қазақстан тарихы және саяси-әлеуметтік пәндер» - 1.
- «Технологиялық машиналар және көлік» - 1.
- «Геология және кен ісі» - 3.
- «Шетел тілдері» - 1.
- «Дене шынықтыру және спорт» - 3.
- «Түрлі түсті және сирек металдар металлургиясы» - 1.
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары білім, қызмет мамандығы бойынша жұмыс істеу өтілі 3 жылдан кем емес және/немесе академиялық магистр дәрежесінің болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар ректордың атына (еркін түрде) өтініш береді.
Өтінішке қоса төмендегідей құжаттар беріледі:
- кадрлар бөлімінің бастығымен расталған кадрларды тіркеу жөніндегі жеке парақ;
- өмірбаян;
- жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың көшірмелері және оларды салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары;
- қайта даярлау және біктілікті жетілдіру сертификаттарының көшірмелері (болған жағдайда);
- кафедра меңгерушісімен, деканмен және Университеттің ғылыми хатшысымен расталған ғылыми еңбектер мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
- № 086 нысанындағы медициналық анықтама.
- қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болмауы туралы анықтама;
- профессор-оқытушылар құрамының бос лауазымдарына орналасу үшін білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша жобаның презентациясы (электронды түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);
- конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы;
- конкурсқа қатысушының тіркеуде тұрмағаны туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімін, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдарын және т.с.с) ұсынуға құқылы.
Бос қызмет орындарына орналасу конкурсына өтініштер қабылдау мерзімі – хабарландыру жарияланған сәттен бастап 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей.
Жоғарыда аталған құжаттарды «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлкеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ның қызметкерлерді іріктеу және дамыту бөліміне белгіленген мерзімде тапсыру қажет, телефоны: 8 (7232) 57 79 83 (305-кабинет).