2012 жылдың 12 қазан айында Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру аясында ұсынымдарды әзiрлеу бойынша семинардың салтанатты ашылуы болады

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қолдауымен, сонымен қатар Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру аясында ұсынымдарды әзiрлеу бойынша семинар ұйымдастырады.

Семинардың басты мақсаты – ғылыми жобалардың сапасын жоғарлату және халықаралық ғылыми ұйымдармен қарым қатынасты нығайту болып табылады.

Семинарға Қазақстанның алдыңғы қатарлы ғылыми қайраткерлерімен қатар, шетелдің үздік университеттерінің өкілдері де қатысады. Атап айтқанда: Гарвард медицина мектебі (АҚШ), Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Лондон Империал колледжы (Ұлыбритания), Брайтон университеті (Ұлыбритания), Лондон Университет колледжі (Ұлыбритания), Лондон Метрополитен университеті (Ұлыбритания), Оксфорд университеті (Ұлыбритания) сияқты университеттер өкілдері қатысады.

Сонымен қатар, «Elsevier» басылымы және «Thomson Reuters» компаниясы:

  • ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру аясында ұсынымдарды әзiрлеуге;
  • алдыңғы қатарлы, жоғарғы дәрежелі журналдарға мақалаларды жариялауға;
  • Қазақстандық журналдарды халықаралық базаға енгізу жөніндегі тренингті өктізуді жоспарлап отыр.

Бұл семинар отандық ғалымдар мен шетелдік үздік университетерінің ғалымдары және әлемдік ғылыми қорлар арасында үлкен байланысты тудырады.

Семинардың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Н.М. Ыбырайым алғы сөз сөйлеп, семинарды ашады.

Семинардың салтанатты ашылуы 2012 жылдың 12 қазан айында, Өскемен қаласы, Серикбаева 19 көшесінде орналасқан Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті ғимаратында сағат 11.00 басталады.

 

Семинарға қатысам деушілерге +7 /7172/ 579137, +7 /7172/ 579148, +7 /7172/ 579131 желістері арқылы немесе seminar_oskemen@mail.ru электронды почтасы арқылы тіркелуіне болады. Тіркелу мерзімі: 8 қазан 2012 жыл, сағат 18.00 дейін.

 

Барлық туындаған сұрақтар бойынша «МҒТСҰО» АҚ

бас маманы Мустапанов Данияр Құсайынұылына хабарласуларыңызды

сұраймыз (ұ.т. +7 701 709 49 94).