23 сәуір 2012 Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының оқытушылары Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 – жылдығына арнап Қазақстан тарихынан олимпиада өткізді. Бұл олимпиадаға машина жасау және көлік факультетінің бірінші курс студенттері қатысты. Барлығы қырық сұрақ, төрт бөлім. Бірінші бөлімде тестік тапсырмалар, екінші бөлімде болған оқиғалардын жылдарын көрсету, үшінші бөлім терминдік сөздерді анықтау, төртінші бөлім Қазақстанның мәдениетіне арналды.
Олимпиаданы ашқан кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының докторы, профессор Қарасаев Ғани Мұқашұлы сөз сөйлеп, тәуелсіздіктің 20 жылындағы Қазақстаннын әлеуметтік, экономикалық, білім саласында жеткен жетістіктері туралы және де Елбасының биылғы жылғы Жолдауындағы білім беру саласындағы атап көрсеткен міндеттерге тоқталды. Осы талап тұрғысындағы "Қазақстан тарихы” пәні арқылы жүргізілетін “отансүйгіштік”, “Қазақстандық патриотизм” талаптарының маңызын атап көрсетті.
Студенттер Қазақстан тарихын жоғарғы деңгейде білетіндерін көрсетті. Олимпиадаға барлығы 23 студент қатысты, сонын ішінде бірінші орынды 11-ТМК-2 тобынын студенті Омарбеков С.С., екінші орынды: Бекболатов Қ.(11-ТМК-1), Абдығалиев А. (11-ТМК-1), үшінші орынды: Кадес Д.(11-ТМ-1), Ауданбеков Д. (11-ТМК-1), Мураитов Д. (11-ГМ-1) алды.
Аға оқытушы: Джаксылыков А.Ф., Ниязханқызы Г.