2017 жылдың 12 сәуірінде мемлекет басшысы сананы жаңғырту бойынша қазақстандықтарға ауқымды бағдарлама ұсынды.Қазіргі таңда «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының операторы болған «Ұлттық аударма бюросы» гуманитарлық бағыттағы философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология және журналистика сияқты гуманитарлық пәндер бойынша аударма жасады.
Университеттің кітапханасына 18 аталымның 879 данасы (бұдан бұрын 6 648 дана 47 кітап атауынан алынған) келіп түсті, бұл кітаптарды әрбір оқырман пайдалана алады.
Университет сайтындағы кітапхананың бетінде келген кітаптардың виртуалды көрмесі орналастырылған. Жоба жайлы https://100kitap.kz сайтынан оқи аласыздар.