Құрметті әріптестер!

«ШҚТУ айының үздік қызметкері» дәстүрлі байқауының қайта басталғанын хабарлаймыз! Бұл байқау біздің қызметкерлеріміздің кәсіби өсуін, белсенділігін арттыру және мансаптық дамуын ынталандыруға бағытталған.

Байқауға қатысуға университеттің құрылымдық бөлімшелері мен мектептерінде/орталықтарында жұмыс істейтін және бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар штаттық қызметкерлер құқылы. Кандидаттар нақты жетістіктері негізінде тікелей басшыларымен ұсынылады.

Байқауға қатысу шарттарымен және тәртібімен келесі сілтемелер арқылы танысуға болады:

Жеңімпаз Байқау комиссиясы тарапынан анықталып, дипломмен және лауазымдық жалақының 50%-ы мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталады. Жеңімпаз туралы ақпарат ШҚТУ-дың ресми ресурстарында жарияланады.

Жаңалықтарды қадағалаңыздар және үздіктерді қолдаңыздар!

Сіздің жетістіктеріңіз еленсін!

Кәсібилікті, белсенділікті және бастамашылдықты бірге атап өтейік!