Конкурс 2015 жылғы 16 наурыздағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының № 124 «Ең үздік жоғары оқу орнының оқытушысы» атағын беру тәртібін бекіту туралы бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Аталған конкурстың жеңімпаздары мен «Ең үздік ғылыми қызметкер» атағын иеленген тұлғалар алдағы он жыл бойы аталған конкурста қатыса алмайды.
I кезеңнің конкурсы 2024 жылғы 1 қарашадан 2024 жылғы 11 қарашаға дейін өтеді.
Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орнының штаттық оқытушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest.iac.kz) төмендегі құжаттарды ұсынады:
- «Ең үздік жоғары оқу орнының оқытушысы» атағына конкурсқа қатысу үшін өтінім (Қосымша 1);
- соңғы 5 жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер (нақты мерзім көрсетілмеген тармақтарды қоспағанда) (Қосымша 2);
- жылдық жұмыс жоспары (Қосымша 3);
- жеке есеп парағы;
- жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі.
I кезең бойынша апелляцияны беру мерзімі 12-15 қараша аралығында болады.
Конкурстың II кезеңі 2024 жылғы 18 қарашадан 2024 жылғы 13 желтоқсанға дейін өтеді.